ҰБТ нәтижелерін қайдан қарауға болады

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусымда басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862).

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

@edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;

edu.mail.kz сайтынан; Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.

Биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда.

Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады. Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз.

Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз, +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.

Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз.

Туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар, тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.

Дереккөз: edu.gov.kz