Марат ТОҚАШБАЕВ: ҚОҒАМДА ӘДІЛДІК ОРНАЙТЫНЫНА СЕНЕМІЗ

Жемқорлық жайлаған Қазақ­стан қоғамында жемқорлардың тайраңдап жүретін, ал ары таза қолы таза адамдардың түрмеге тоғытылатын жағдайлары таң қала­тын нәрсе емес. Ислам Әбішевтің қазіргі жауапқа тартылып жатқаны туралы осындай жағдайдың нақты көрінісі деуге негіз бар. Ислам Әлмаханұлы Оңтүстік Қазақстан облысында жауапты қызметтер атқарған, облыс әкімінің орынбасары болған, кейін Өскемен қаласының әкімі болды. Бұдан соң ауылшаруашылығы министрлігіне қарайтын Су ресурстары комитетін басқарды. Осы қызметінің өзінде бірнеше рет қудалауға ұшырап, орнынан алынып, қоғамның, тіпті, Елбасының тікелей араласуымен тағылған айыптардың барлығы алынып, қайтадан өз қызметіне кіріскен жағдайлар бар. Енді осы қызметінде жүрген кезінде Су ресурстары коми­тетіне мемлекет бюджетінен бөлінген орасан зор қаржысын есептей келе, атқарылатын жұмыс­тардың шығынын шағын көлемге түсіріп, 300 миллиард теңге қара­жатты бюджетке қайта қайта­рып берген болатын. Бұл кезінде үлкен сенсациялық жағдайға айналды. Өйткені, Қазақстан шенеуніктерінің арасында бюджетті қайта қарап, есептеп, сол көлемдегі жұмысты өте аз қаражатқа атқарып, ал игерілмей қалған бөлігін мемлекетке қайтарып беру оқиғасы бұрын-соңды тіркелмеген. Кезінде бірқатар құқық қорғау орындары осы қаражатты науадан аққан су сияқты өздерінің қалталарына бұрып отырған жағдайлар болған. Ал Ислам Әбішев оған жол бермей, орасан қаржыны мемлекетке қайтарып беру арқылы олардың қолын кесті. Көптеген құқық қорғау органдары тегіннен тегін ағып жатқан қаражат өзенінен сусынын қандыратын жағдайдан айрылды. Міне, осындай жағдайда, Ислам Әбішевтен кек алу үшін, кеткен еселерін қайтару үшін оның үстінен бірнеше рет қылмыстық істер қозғалды. Ислам табиғатында біреуден ақша алатын адам емес. Өзінің бизнесі бар адам. Тек жауапты қызметтер атқару кезінде өз бауырларына тапсырып қойған-ды. Мемлекеттен ақша жым­қыра­тындай тексіз адам емес. Қазақша айтқанда, «жарыған» жерден шыққан азамат. Осындай адам «сыбайлас жемқорлыққа барды» деген желеулермен қамалғанда, ақта­лып шыққан болатын. Мұндай жағдайларды әлденеше рет басынан өткізген Ислам Әбішев енді аяқ астынан өзінің адал жолынан айнып, сыбайлас жемқорлыққа барды деу – мүлде қисынсыз. Төбесінен төніп тұрған соншама қылыш, соншама шоқпардың бар екенін біле тұра, солақай іс жасау – сау адамның шаруасы болмас. Ал Ислам Әлмаханұлы биік парасат иесі. Оған тағылған айып – іс жүзінде жабылған жала деп білеміз. Мен қазақтың зиялы қауымының өкілі ретінде, Ислам Әбішевты өте жақсы білетін, оның табиғатын түсінетін адам ретінде оның жанының да, қолының да таза екендігіне ешқандай шүбәм жоқ. Бұл іс – Ислам Әлмаханұлын темір торға қамауды көздеген адамдардың айла-шарғысы екендігі анық. Ендігі жерде жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап және билікке енді келіп жатқан құқық қорғау сала­сын­­дағы білікті адамдар бұл істің әділ бағасын беріп, ақ-қарасын анық­тап, Ислам Әбішевті босатса деп ойлаймыз. qazaquni.kz