Марат ТОҚАШБАЕВ: ҚОҒАМДА ӘДІЛДІК ОРНАЙТЫНЫНА СЕНЕМІЗ

1927
7
Бөлісу:

Жемқорлық жайлаған Қазақ­стан қоғамында жемқорлардың тайраңдап жүретін, ал ары таза қолы таза адамдардың түрмеге тоғытылатын жағдайлары таң қала­тын нәрсе емес. Ислам Әбішевтің қазіргі жауапқа тартылып жатқаны туралы осындай жағдайдың нақты көрінісі деуге негіз бар. Ислам Әлмаханұлы Оңтүстік Қазақстан облысында жауапты қызметтер атқарған, облыс әкімінің орынбасары болған, кейін Өскемен қаласының әкімі болды. Бұдан соң ауылшаруашылығы министрлігіне қарайтын Су ресурстары комитетін басқарды. Осы қызметінің өзінде бірнеше рет қудалауға ұшырап, орнынан алынып, қоғамның, тіпті, Елбасының тікелей араласуымен тағылған айыптардың барлығы алынып, қайтадан өз қызметіне кіріскен жағдайлар бар. Енді осы қызметінде жүрген кезінде Су ресурстары коми­тетіне мемлекет бюджетінен бөлінген орасан зор қаржысын есептей келе, атқарылатын жұмыс­тардың шығынын шағын көлемге түсіріп, 300 миллиард теңге қара­жатты бюджетке қайта қайта­рып берген болатын. Бұл кезінде үлкен сенсациялық жағдайға айналды. Өйткені, Қазақстан шенеуніктерінің арасында бюджетті қайта қарап, есептеп, сол көлемдегі жұмысты өте аз қаражатқа атқарып, ал игерілмей қалған бөлігін мемлекетке қайтарып беру оқиғасы бұрын-соңды тіркелмеген. Кезінде бірқатар құқық қорғау орындары осы қаражатты науадан аққан су сияқты өздерінің қалталарына бұрып отырған жағдайлар болған. Ал Ислам Әбішев оған жол бермей, орасан қаржыны мемлекетке қайтарып беру арқылы олардың қолын кесті. Көптеген құқық қорғау органдары тегіннен тегін ағып жатқан қаражат өзенінен сусынын қандыратын жағдайдан айрылды. Міне, осындай жағдайда, Ислам Әбішевтен кек алу үшін, кеткен еселерін қайтару үшін оның үстінен бірнеше рет қылмыстық істер қозғалды. Ислам табиғатында біреуден ақша алатын адам емес. Өзінің бизнесі бар адам. Тек жауапты қызметтер атқару кезінде өз бауырларына тапсырып қойған-ды. Мемлекеттен ақша жым­қыра­тындай тексіз адам емес. Қазақша айтқанда, «жарыған» жерден шыққан азамат. Осындай адам «сыбайлас жемқорлыққа барды» деген желеулермен қамалғанда, ақта­лып шыққан болатын. Мұндай жағдайларды әлденеше рет басынан өткізген Ислам Әбішев енді аяқ астынан өзінің адал жолынан айнып, сыбайлас жемқорлыққа барды деу – мүлде қисынсыз. Төбесінен төніп тұрған соншама қылыш, соншама шоқпардың бар екенін біле тұра, солақай іс жасау – сау адамның шаруасы болмас. Ал Ислам Әлмаханұлы биік парасат иесі. Оған тағылған айып – іс жүзінде жабылған жала деп білеміз. Мен қазақтың зиялы қауымының өкілі ретінде, Ислам Әбішевты өте жақсы білетін, оның табиғатын түсінетін адам ретінде оның жанының да, қолының да таза екендігіне ешқандай шүбәм жоқ. Бұл іс – Ислам Әлмаханұлын темір торға қамауды көздеген адамдардың айла-шарғысы екендігі анық.
Ендігі жерде жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап және билікке енді келіп жатқан құқық қорғау сала­сын­­дағы білікті адамдар бұл істің әділ бағасын беріп, ақ-қарасын анық­тап, Ислам Әбішевті босатса деп ойлаймыз.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Нагима Аинабекова 15 Маусым, 2019 18:01 Жауап

    Оте дурыс аитылды Марат ага каитемиз алла жар болсын .Аман есен шыксын не аитуга болады созим жок бизде осындаи адилетсиздикке жол берип не деген тасжурек

  2. Абдыкадыр Акниет 15 Маусым, 2019 19:55 Жауап

    Сумдык аи не болып барады не коринди бир биринди соттап мыкты болсандар елимизде каптап журген кытаидын козин куртпаисындарма .Агамызды турмеге жапканда не утасындар муны истеген адам еки дуниеде бети жок екен .Адамга кастандык истеу онай жаксылык истеу киын бул киси оскеменде истегенде бираз тартип орнап каламыздын корки кирип калган еди .Алла жар болсын

  3. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2019 23:06 Жауап

    Акка кудаи Жак Ислам Абишев Искер адал енбеккор Адам Ол мемлекеттен Оз кудыгына тукирмеитин. Отанына адал кызмет ететин Адам Жеп отырган нанынын жартысын болисетин камкор Азамат Ол кисинин акталып шыгатынына сени мим мол

  4. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2019 23:54 Жауап

    Ага сизге алла жар болсын. Киянат жасаган аламдардын озин суракка алу керек ойткени сол адам мемлекетимиздин акшасын урлагысы келген адам, Ислам кокемиздин аркасында урлап жей алмагандыктан осындай каламга барып отыр деп айта аламын.

  5. Сыншы 16 Маусым, 2019 17:29 Жауап

    Марат ТОҚАШБАЕВ: ҚОҒАМДА ӘДІЛДІК ОРНАЙТЫНЫНА СЕНЕМІЗ. Қашан? Мына түрімізбен біз әділдікке әлі 30 жыл жүретін шығармыз. Әділдік әлем бойынша жоқ. Әділдік адами қоғамда юолмайды. Әділдік тек ертегіде ғана орнайды, онда да ең соңында….

  6. Қайрат Оразов 17 Маусым, 2019 20:54 Жауап

    Еліне жасаған ерен еңбегі,адал жүрегі бар Ислам ағамыз түбінде ақталып шығуына нық сенімдіміз.Адал азаматын халқы тағатсыз күтуде.Алла жар болсын.

  7. Давидбеков Абдуазиз 24 Маусым, 2019 16:27 Жауап

    Исекеңнің құрылыс саласына сіңірген еңбегі зор. Құрылыс жүргізген жерінде бірінші мақсаты құрылыс жұмысын дұрыс жүргізу, бюджет мүддесін қорғау. Су ресурстарында істеген еңбегі өте көп, жаңа технология ендіру арқылы мемлекет қазынасын үнемдеп елімізге көп пайдасын тигізген азамат. Сонымен қатар Дүниежүзілік Қазақ күресін әлемге танытуға қосқан үлесі мол. Сондықтан бұл кісінің ісінің әділ қаралуын талап етеміз. Мұндай біртума қазағым деген ұлтжанды азаматты бірге қолдайық.

Пікір немесе жауап жазу

екі × бес =