Тоқаев Бас прокурорға: Наразылық орнында кездейсоқ болған тұлғаларды босату керек

1221

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заң мен құқық тәртібінің сақталуы жөнінде ақпарат берілді, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде тез арада шаралар қабылдауды тапсырды.

– Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.