Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

***

Б.Ә. Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының                  Президенті Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  12  маусым   № 6