Шаханов: Тоқаевты қолдаймын (видео)

Әйгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Тоқаевтің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мұхтар Шахановтың әлеуметтік желіде тараған мәлімдемесінде: "Қасым-Жомарт Тоқаев "қазақ тілі (еліміздегі) ең басты тіл болуы керек" деді. Міне, осы пікірін бүкіл халық ұнатты. Қасым-Жомарт Тоқаев ылғи да елдік, ұлттық мүдде биігінен, шындық биігінен көрініп жүрген адам. Сондықтан да мен осы сайлауда Қасым-Жомартты ерекше қадірлеймін және оны қолдаймын" деген.