Абзал Құспан: Ислам Әбішевке қысым көрсетілуде

3027
6
Бөлісу:

Ислам Әбішевке қысым көрсетілуде Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған Ислам Әбішевтің адвокаты, белгілі заңгер Абзал Құспан құзырлы орган тарапынан оған қысым көрсетілгені туралы мәлімдеді.

– Ислам Әбішев 14 наурыз күні ауруханаға жатайын деген кезде қамауға алынған болатын, жүрегіне байланысты. Содан бері ол дәрігерге көрінуді сұрап келе жатыр. Заң талаптарына сәйкес, денсаулық жағдайы нашарласа оны дәрігерге көрсету көзделген. Қаратпаған жағдайда – қорлау болып есептеледі. Қамалғалы бері, екі жарым айдан кейін ғана, 28-мамыр күні оны кардиологке консультацияға алып барған. Үш конвоир, тексеруші дәрігер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросынан подполковник шеніндегі Жәрдем деген тергеуші, барлығы форма киіп алып, аядай бөлмеде дәрігердің үстінен төніп алып, қарап тұрды. Дәрігер сасқалақтап, не істеп, не қойғанын білмей қалды. Ислам Алмаханұлы дәрігер қабылдауынан шыққан соң әлгі тергеуші қайта дәрігерге кіріп, 15 минуттай сөйлескен. Бұл айқын қысым көрсету болып табылады. Ислам Әбішев зейнет жасындағы, түрмедегі ең жасы үлкен адам. Ал дәл осындай айып тағылған министрдің екі орынбасары қазір үйқамақта отыр. Ислам Әлмаxанұлын денсаулығы нашарлап бара жатса да, үйқамаққа шығармай отыр -деп мәлімдеді Ислам Әбішевтің адвокаты Абзал Құспан.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Саламат 2 Маусым, 2019 01:04 Жауап

    Не деген сумдык адам олтиргендерди булай устамайды маскара елимиздин апталдай азаматын соншалыкты корлаганы неси .халхым казакпыз мундаи азаматты булай калдыруга болмайды ереуилге шыгайык

  2. Қолқоюсыз 2 Маусым, 2019 10:09 Жауап

    Жемкор болса бопты да.ким жемейд…деп ары карай жей берейк.дейсндерма сонда.кытайда ату жазасын беред…кешире берсек онда умит жок.Казахстаннан кошу кана калад.

  3. Эльмира 2 Маусым, 2019 19:17 Жауап

    Жедима жемедима кол мен устагандай аитасызау оздеринди оздерин маскаралап не коринди сонша акылга келиндер бир биринди табаламаи анык каныгына коз жеткизбеи оттаи бермендер ол киси жас бала емес кои оиларына не келсе соны истеитин

  4. Дина 2 Маусым, 2019 20:28 Жауап

    Халкым деген азаматтын бири осы киси керисинше Ислам мырза Укиметке кыруар каржыны экономдагандагы рахмети осы болса, бундай Укимет жумысы курысын

  5. Бекен 6 Маусым, 2019 11:00 Жауап

    Уят. Ел тизгинтин устаган бедели биик Ислам агамыздын накактан накак жалалы болуы. Искер,Карапайым оз исинин адал кызметкери ел агасы Ислам агамызга Алла жар блгай.

  6. Әлібек Шеген 16 Тамыз, 2019 10:45 Жауап

    Ұят, ұят. жасы келген кісіні істің ак карасын ажыратпай бірден турмеге тыгу деген оте ұят тірлік. Уй камакка жіберілсін.

Пікір немесе жауап жазу

14 − 13 =