Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті

Бөлісу:

Кездесу барысында екіжақты экономикалық серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

– Біздің елдерімізде ортақ дүниелер көп. Қазақ-армян компаниялары әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатқан. Екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын нығайта түсетін осы байланыстарға тың серпін беруіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Никол Пашинян түрлі саладағы Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығы одан әрі кеңейе беретініне сенім білдірді.

– Елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстар нығаюда, тауар айналымы артып келеді. Бірақ, бұл бағытты дамыту үшін әлі де өз деңгейінде пайдаланылмай жатқан зор әлеуетіміз бар. Біздің құрылымдарға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз іс-қимылдар жасау қажет, – деді Армения Премьер-Министрі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

19 + 4 =