Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Бөлісу:

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы артып келеді.  Үкіметаралық, парламентаралық деңгейде жұмыс істеп келеміз. Әлемдік және аймақтық ұйымдарда да біргеміз. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты мен одан әрі дамытуға бар күш жігерімді саламын, – деді Қазақстан Президенті.

Қырғыз Республикасының Президенті жылы кездесуге ризашылығын білдіріп, мемлекетаралық байланыстардың достық сипатын атап өтті.

– Алыстағы ағайыннан жақындағы көршіні артық көретін біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бүгінде үкіметаралық жол картасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өзіңізді Қырғыз Республикасына сапармен келуге шақырамыз, – деді Сооронбай Жээнбеков.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу