Елордада жастар жылы аясында «JASTAR» COWORKING орталығы ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «JASTAR» COWORKING-орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

Аталмыш мекеме ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жастар жылы аясында ашылды.

«JASTAR» COWORKING орталығының ашылуы жастармен және жастармен жұмыс істейтін мамандардың жылының басты оқиғасы болмақ. Орталықта қаланың жастар қоғамдастығы үшін кітапхана қоры мен Ұлттық академиялық кітапханадағы заманауи деректер қорын қолдана отырып, әртүрлі білім салалары бойынша жаңа тәжірибелермен танысуға мүмкіндік береді. Орталықта жастар үшін біртұтас идеяларды алға жылжыту үшін жаңа жобалары іске асырылып, жаңа бастамалар мен шығармашылық алаң болып табылады.

«JASTAR» COWORKING-орталығын құрудағы мақсат – семинар мен конференциялар, іскерлік кездесулер, сондай-ақ әртүрлі бағытта шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және жастардың өзін-өзі дамытулары үшін шығармашылық, ғылыми ортаны жинақтау, оның белсенді қатысуларын қоғамдық өмірге араласуларын талпындыру бойынша арнайы іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады. Ең бастысы – кітапхана жастарға ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, өйткені ол ақпараттық және электрондық ресурстардың мол қоры бар, сондай-ақ қазіргі заманғы қызметтер: электрондық әдебиетке тапсырыс, құжаттарды электронды жеткізу, кітапханашыға сұрақ қою және т.б. қызметтерді атқаратын болады.

«JASTAR» COWORKING-орталығының пайдаланушысы белсенді жастар, студенттер, кәсіпкерлер, фрилансерлер, сондай-ақ, өзін-өзі дамытуға ұмтылған оқырмандар болады.

Іс-шараның салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖК Төрағасы Дәулет Кәрібек, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог Шәкір Ибраев, жазушы, этнодизайнер, «Алтын Орда» дизайн үйінің бас директоры, «Алтын сапа» президенттік сыйлығының лауреаты Ырза Турсынзада, жазушы, ақын, драматург Баянғали Әлімжан, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖК ұйымдастыру-аумақтық жұмысының үйлестірушісі, «Білім Орталығы» партиялық жобасының үйлестірушісі,

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық конкурсының лауреаты Жазира Болтаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» республикалық байқауының жеңімпазы Джумурбаев Тимур, «Қазақстан жастарының конгресінің» атқарушы директоры Тохтар Болысов, жазушы, ақын, драматург Баянғали Әлімжан, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Республикалық Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ЖОО-ның басшылары, мәдениет мекемелерінің басшылары және қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты.