Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан қаласындағы құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарын салу барысы жөнінде баяндады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.