Ақсұңқар жігіт Сайлаубек

1772
0
Бөлісу:

Ақиық азамат, Қостанай облысы мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Есжанов мерейтойына жыр-шашу

Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам.
Эпиктет
І
Сайлаубек бауырым!
Желбіреттің Ақназардың ақ туын,
Сенен асқан хас жақыны тапты кім?
Аманкелді, дәмді емес облыста
Сенен асқан перзенті жоқ тап бүгін.

Бабаң сенің Шақшақұлы Жәнібек,
Тарихтан нұр келбетін танып ек.
Анаң Сақи – Ел анасы дана еді.
Бала кезден атына оның қанық ек.

Айтары жоқ ақылды еді анаңыз,
Анаңыздың ақылына еліктеген баламыз.
Өмірің сенің өнегемен өрілген,
Айта берсек бәрі ертегі, бәрі аңыз.

Света жарың
Жарық жұлдыз жақұтың
Ұл-қыздары – жұлдыздарың –
Руслан, Жанар, Аруана,
Баға жетпес бақытың.

Сен туыпсың 16-наурыз көктемде,
Сүрінбедің өмір сынақ өткелде.
Адалдықтың, кісілік пен кішіліктің үлгісі,
Сендей асыл табылмайды көктен де.

ІІ
Сайлаубек бауырым!
Ауыр іске тосып жүрген иықты,
Жігітсің, бауырым сүйікті.
Сөзің мен ісің бір шығып,
Ақылың елді ұйытты.

Қостанайдың ақбас қыраны,
Ақындардың асқақ жыр-әні.
Адалдықтың желбіретіп ақ туын,
Адамдықтың биігінде тұр әлі.
Тұла бойы толы парасат.
Жат емес оған саясат,
Дара туған даналардың бірі ол,
Жоқ-жітікке сұратпай-ақ қарасады.

Дәмдіден ұшқан сұңқарсың,
Топтан озған тұлпарсың.
Жанып сүйген жан Светаң барында,
Әлі талай биіктерге шырқарсың.

Алпыс бір жас көктемің,
Көктемдей болып көктедің.
Алла жар боп, ақ тусын алдыңнан
Нұрын төксің көкте күн.

ІІІ
Сайлаубек бауырым!
Қияғысың саңқылдаған сұңқардың,
Естіліп тұр көктен сұңқар үн.
Қолың ашық жомартсың,
Тұяғысың Ерғазы сынды тұлпардың.

Дара туған, даналардың бірісің,
Барлық істе ұсақ емес, ірісің.
Сайлаубек бауырым, сен болмасаң
Менің де бітпей қалар бір ісім.

Мүшел жаспен құттықтаймыз бәріміз,
Қостанайды жаңғыртсын бір әніміз.
Ық жақта сая, желде елге пана бол,
Жүз жасыңда құттықтайық тағы біз!

Өмір – бәйге осы анық,
Алдан сені тосалық.
Баянды болсын бақытың

Тілекшің – Сәбит Досанов,

Қостанай қаласының және Қостанай
облысының Құрметті Азаматы

Алматы –Қостанай
Мамыр, 2019 жыл

 

ҰЛТЫМ ДЕГЕН ҰЛ ҰТАР

Туған едің Наурыз айы – сайлауда,
Сайлауда енді мүшел жасты ел тойлауда!
Тартып кеткім кеп тұрады үнемі,
Ағамыздың үйіне – ақ жайлауға !

Өзіңіздей Ерге артатын үміт әр,
Қазақта бұл Ұлтым деген ұл ұтар.
Торғайдың кең даласындай көңілмен,
Қостанайдың аязын да жылытар!..

Туған елде Арыстары Алаштың,
Қай кезде де қазағыңа қарастың.
Нардай жүзіп толқынында нарықтың,
Нәсіп болар кәсібіңді тағы аштың…

Өзің жайлы талайлар жыр толғады,
Алыстардан ақ тілегін жолдады.
Қостанайға аяқ басса ақындар,
Қарсы алады «Қарағайлы орманы»

Алпыс асқан Бүгінгі күн Сізге ерек,
Ізетті ерсіз, ізгілікті іздеп өт!
Алдыңызда Алла дәйім жар болып,
Жүзің жарқын күйде осылай Жүзге жет!

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

жеті + 7 =