Айдынында білімнің қалықтағын!

Отбасымыздың кішкентай ғана еркесі, сүйкімді қызы, Алматы қаласындағы 167 жалпы білім беретін мектептің 1 сынып оқушысы Айару Дәуренқызын оқуда озат атанып, алғашқы оқу жылын ауқымды жетістіктермен аяқтауымен құттықтаймыз. Балапанымыздың деніне саулық тілей отырып, әрдайым алдыңнан ақ жол ашылып, асқақ армандарың орындала берсін демекпіз. Үнемі үздіктер қатарынан көрініп, үкілеген үмітімізді ақтай бер. Айдынында білімнің қалықтағын, Топ жарады қашан да, анық дарын Алла саған жар болсын, Ай-Аруым Талантыңмен әлемді шарықтағын! Ізгі ниетпен: Отбасы және бауырлары.