Азат Перуашев: БІЗ АЛАШТЫҚТАРҒА ТАҒЗЫМ ЕТУ ҮШІН ЕШКІМНЕН РҰҚСАТ СҰРАМАЙМЫЗ!

Бөлісу:

Қазақ Республикасының болашағы үшін құрбан болғандарға тағзым етуге толық хақымыз бар

«Ақ жол» партиясы  «Алашқа тағзым» шеруін өткізуге рұқсат берілмеуіне байланысты мәлімдеме жасады

 

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ақ жол» партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Алашқа тағзым» атты шеруін өткізуге рұқсат бермеуіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

Азат Перуашевтің мәлімдемесін оқырман қауымға еш өзгеріссіз ұсынамыз:

Құрметті қазақстандықтар!

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Ақ жол» партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Алашқа тағзым» атты шеруін өткізуге рұқсат бермеді.

Рұқсат бермеуге негіз болған себептері – қып-қызыл өтірік. Біздің өтінішімізде барлық қажетті ақпарат заңға сәйкес көрсетілген болатын. Мемлекеттік органдарды да түсінуге болады: олар сайлау кезінде түрлі арандатулар мен бассыздықтардан қауіптеніп отырған шығар.

Сондықтан мынаны айтқым келеді: ешкім отқа май құйып, көпшілікті ашындыруға мүдделі емес. Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың өздері үшін де, мемлекет үшін де қауіпті. Ұлттық тәуелсіздігіміз бен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін мықты мемлекет керек.

Сонымен қатар, ол жай күшті ғана емес, әркім, өзінің мүмкіндіктері мен құқықтарын жүзеге асыра алатын, әділетті де, озық мемлекет болуы қажет. Оның ішінде сөз бостандығына деген азаматтардың хақы да бар.

Мемлекеттік органдар, адамдарды алаңға шығаратын ыза мен кек емес, жақсылыққа деген ұмтылысы екенін түсінгені жөн. Наразылықтың алдын алудың ең тиімді жолы – белсенділерді қамау емес, нақты реформаларды тездету.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мен: «Алашқа тағзым» шеруіне рұқсат бермесе де, «Ақ жол» партиясының жетекшілері мен депутаттары 31 мамыр күні «Алаш» қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен олардың ескерткішіне барып, гүл қойып, құран бағыштайтынын жариялаймын.

Бұл шеру де, митинг те емес. Сондықтан біз осы жолы ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Біздің Қазақ Республикасының болашағы үшін құрбан болғандарға тағзым етуге толық конституциялық хақымыз бар.

Азат Перуашев,

«Ақ жол» партиясының төрағасы

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Сламхан 24 Мамыр, 2019 10:52 Жауап

    Өте жақсы бастама. Қазақтың «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген мақалы өмір шындығынан алынған ғой. Ал біздің тасбауыр биліктің ойына да келмейді, сондықтан шеруге рүқсатты қазақтарға емес – ұлт деп танылмаған казактарға береді Әкімдер біздің президенттен емес Ресейдің призентінен қорқатын сияқты. Қазағым аман болсын!

  2. Сансызбай Өнерхан 24 Мамыр, 2019 13:41 Жауап

    «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мырзаның айтқан «Ешкім отқа май құйып, көпшілікті ашындыруға мүдделі емес. Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың өздері үшін де, мемлекет үшін де қауіпті. Ұлттық тәуелсіздігіміз бен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін мықты мемлекет керек.

    Сонымен қатар, ол жай күшті ғана емес, әркім, өзінің мүмкіндіктері мен құқықтарын жүзеге асыра алатын, әділетті де, озық мемлекет болуы қажет». -деген шешімді пікірі әрбір елім деген азаматтың идеалы болу крек деп білемін. Біз өткен тарих таразысынан сабақ алмай, ұлы мақсаттарға жете алмаймыз. Өйткені ұлы мақсат ол байырғы ұлттың ұлы мұратымен мінсіз үйлескен табиғат заңы шеңберіндегі тағдыр сыйы. Ал тағдыр Аллалық сипатта болатындықтан біз жаратылыс иесі мен табиғат заңы мен санаспауға хақымыз жоқ!! Демек елдігі үшін күрескен, ұлт тағдыры үшін жанын берген ұлт тұлғаларын еске алу, олардың өнегелі ісін, ұлы мақсаттарын ұлықтау бідің борышымыз. Оладың аманаты. Ал аманатқа қиянат жасау қанымызда жоқ жазылмаған заң!!
    Ендеше ұлттың жадында сақталған жазылмаған заң шеңберінде «Алашқа тағзым» атты шеруін өткізу шынайы елім деген азаматтың борышы деп білемін.
    Әлбетте Азат Перуашев мырза айтқандай Ұлттық тәуелсіздігіміз бен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін мықты мемлекет құру мемлекетімізді құзырлы, мемлекеттік институттарымызды қуатты болудыруға бағытталған ұлттық идеология қалыптастыратын тәуелсіз сана қажет.

Пікір немесе жауап жазу

2 × екі =