Мұхамеджан Тынышпаевтың 140 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті
2019 ж. 23 мамыр
7054
0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскемен қаласындағы Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышпаевтың 140 жылдық мерейтойына орай «Қазақтан шыққан тұңғыш инженер» атты ғұмырнамалық кеш өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Шара аясында «Алаш арысы Мұхаметжан Тынышбаев» атты көрмеде қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылды.
Кеш барысында «үлкен террор» құрбаны болған әмбебап ғалым, халқымыздың біртуар перзентінің талайлы тағдыры туралы тамаша естеліктер айтылып, алаш арысының артында қалған мұрасы кеңінен насихатталды. Қонақтар Мұхаметжан Тынышбаевтай қазақтың арда ұлының артында қалған мұрасын насихаттауда ұрпақтарының сіңірген еңбегі зор екенін бейнефильм арқылы тамашалады.
- Мамыр айының соңғы күні ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған, - деді өз сөзінде кітапхана қызметкері З. Сіләмова.
Атап өту керек, кешке теміржолшылар, студент жастар, зиялы қауым өкілдері шақырылып отыр.
Еске сала кетейік, Тынышпаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысының Ешкіөлмес тауының маңайында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданы) дүниеге келген.