ТРИЛЛИОН ҮНЕМДЕСЕҢ – ТҮРМЕГЕ ТҮСЕСІҢ… немесе «КОРРУПЦИОНЕР»  ӘБІШЕВТІҢ  ІСІ !!!

Бөлісу:

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына

 

Қазақта еліме болсын деп қайрат көрсетіп жүрген  қайыспас қара нарлар  аз емес. Ерен еңбегімен де, руханиятқа қамқор рухы биік қайраткерлігімен де белгілі,  исі қазақтың Исламы болып кеткен ағамыз таяуда 63 жасқа толды. Алаштың жоғын жоқтаған Азамат  өміріндегі ең елеулі белес – пайғамбар жасын  темір торлы тас қабырғаның ішінде қарсы алды…

Бүгінде Ерін іздеген Елі редакциямызға хаттар легін ағытуда. Біз халықтың  ықыласы мен алғысын  білдіру мақсатында, сол  ізгі лебіздерінің  біразын  25 сәуірден бастап «Исламның игі істері» деген айдармен жариялап келеміз. 

Иә, осыдан екі айдан аса уақыт бұрын  Су ресурстары комитеті төрағасы  Ислам Әбішевтың  тұтқындалғаны   туралы суық хабар  жарияланды…  Қазақтың  атқа мінгендері  құласа, алақайлап  шабатын  кейбір басылымдар асыра сілтеп,  жарыса  жазып жатты… Бүкіл ғұмыры ел игілігі жолында ерен еңбек етумен келе жатқан, мемлекет мүддесін қорғауда жанкештілігімен белгілі,  адал да іскер басшы, игілікті істерімен исі қазаққа танымал Ислам Әбішевтың аяқ асты, кенеттен тұтқындалуы елдің төбесінен жай түскендей әсер етті… 

Ислам Әбішев Су ресурстары комитеті төрағасы қызметіне  кірісе салысымен,  мемлекет қазынасынан алдымен 300 мил­лиард теңгені үнемдегенде, жоғары жақ та, қарапайым халық та қатты риза болған еді. Кейін су саласындағы мемлекеттік бағдарламаға бөлінгелі тұрған 1 триллион 500 миллиард теңгенің 1 трил­лиондайын үнемдегені кезінде баспасөзде көп жазылды.

Ал енді аяқ астынан не болып қалды?..

Біз бүгін Ислам Әбішев туралы бұрыннан қалам тартып келе жатқан  ақын,  Халықаралық Алаш  сыйлығының лауреаты, Халықаралық  С. Есенин атындағы сыйлықтың –  «Алтын Күз» орденінің иегері , қоғам қайраткері  Қазыбек Исаның  «Триллион үнемдесең – түрмеге түсесің»  немесе «Коррупционер»  Ислам Әбішевтың  ісі» атты  зерттеу мақаласын жариялап отырмыз.  Мақаланы оқыған   қадірлі оқырман қауым  өздері желдің қай жақтан соққанын  байқап,  байыпты байлам жасайды деп ойлаймыз.

Ислам Әлмаханұлын  іздеп жатқан халқының  ізгі тілегі Қасиетті Рамазан айында періштенің құлағына жетіп, Алла жар болсын,  жаратқан иеміз жақсы күндерде жарқын күйде жүздесуді жазсын деп тілейміз!

 Редакция

«КОРРУПЦИОНЕР» ӘБІШЕВТІҢ БІРІНШІ ІСІ

Миллиардтарды қысқарту

 Ислам Әбішев Әлмаханұлы 2012 жылдың ақпан айында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұған дейін 3 жыл Өскемен қаласының әкімі болып, жемісті  жұмыс атқарып, қала халқының ыстық ықыласына бөленген Ислам Әлмаханұлын Шығыстықтардың шығарып салуы туралы кезінде мен «Қазақ үні» газетінде «Ислам Әбішев феномені» атты мақалада жазған едім.  «Бүгінгідей халық пен әкімдердің, жалпы шенеуніктердің арасы алшақтап кеткен мына заманда Өскеменде елді елең еткізген оқиға болды. Қаланы үш жылға жуық басқарған Ислам Әбішевты Астанаға шығарып салу үшін қаумалаған өскемендіктер әуежайды басып алды… Бұл жерде біз кеше Исекеңмен бірге жұмыс істеген әкімшілік қызметкерлерін айтып тұрған жоқпыз. Қысқа сақтаған қайнатпасын көтеріп келіп, көзіне жас іркіліп тұрып, жүрекжарды сөзін айтқан орыс аналарын, құрты мен ірімшігін алып келіп, ақ жол тілеген ақ кимешекті қазақ аналарын, ақ жарылып тұрып, ақ батасын берген ақсақалдарды, елге қамқор болған қайраткерге қандастардың ыстық ықыласын жеткізген  ақын қызды, ақ тілегін жеткізіп қалуға тырысқан қалың жұртты айтып тұрмыз…  Иә,  бұрынғыны қайдам,  2012 жылдың 5 ақпанында Тәуелсіздігіміздің 20 жылының ішінде кетіп бара жатқан әкіммен халықтың дәл осылай қимай қоштасқан  жүрек толқытар көрінісіне Өскеменде куә болды ел… Қарапайым қаймана халықтың қалтқысыз ықыласынан  қанаттанған қыран ұл қияға ұшып кетті…»-деп, толғаған болатынмын.

Иә, бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қала басшысына деген қарапайым халықтың бұрын-соңды болмаған риясыз шын адал ниеті еді. Өскеменге қашан барсаңыз да – оған оңай көз жеткізесіз.

Тағы бір қызығы, Ислам Әбішев 2000-шы жылдың қараша айынан 2002 жылдың тамыз айына дейін Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) Ордабасы ауданының әкімі болып жұмыс атқарды. Ордабасылықтардың да ойлары дәл Өскемен қаласы тұрғындарының ықыласымен бірдей.

Бұл да біздің ойымыз емес – Ордабасылықтардың ойы. Мұның барлығына сонда барып, қарапайым халықпен аралассаңыз, көз жеткізесіздер.

Ал бүгін Ислам Әбішев үлкен «коррупционер» ретінде түрмеде ұсталып отыр!!! Жүрегі ауыратын, қан қысымы қалыпты емес абзал  азаматты абақтыға қамағанда кәдімгі бір террористі ұстағандай, үйқамаққа да шығармай, үркіп отыр…

Ислам Әбішевтің түрмеде не үшін отырғаны біз үшін қазірше жұмбақ, оны алдағы уақытта сот шешімінен біле жатармыз…

Ал қазірше өте тәжірибелі, іскер, сауатты басшы жемісті 7 жылдың ішінде қандай жұмыстар  атқарды, оның «КОРРУПЦИОНЕР»  БОЛУЫНА НЕ СЕБЕП БОЛДЫ, НЕГЕ СОНШАМА ТӨМЕН ҚҰЛДИЛАП ҚҰЛАДЫ – осының бәрінің  себептерін анықтауға тырысайық.

Ислам Әбішев Су ресурстары комитетіне келгеннен кейін алғашқы 4-5 ай бұқаралық  ақпарат құралдарынан көріне қойған жоқ.

2012 жылдың шілде айының ішінде: «Су ресурстары комитеті бойынша 3 жылға жоспарланған 390 миллиардтан асатын қаржының 300 миллиардқа жуығы артық! Соншалықты қаржының қажеті жоқ, қалған 90 миллиардқа жуық қаржымен жоспардағы барлық жұмыстарды бітіреміз»,- деп мәлімдеме жасап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Сөйтіп, бірден көптеген тендерлерді сол көп ақшаға лайықтап ұтып алған компаниялардың қаржыларын қысқарта бастады…

Асап қалған майшелпектен кім оңай айрыла қойсын?!. Майлы жілік «егелері» де қарсы қимылдарды қатты бастап жіберді. Бірақ Ислам Әлмаханұлы бас-көзге қарамастан, бюджеттің қаржысын тиімді пайдалану мақсатындағы шығынды қысқарту жұмысын толығымен күзге дейін орындап шықты.

НӘТИЖЕ НЕ БОЛДЫ?

 «Нұр Отан» партиясының Оралбай Әбдікәрімов басқаратын Жемқорлыққа қарсы комиссиясында Ислам Әбішевтің «тәртібін»   қарап («май шелпек егелерінің» арыздарына байланысты),  оны «коррупционер» деп айыптап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ислам Әбішевтің жауапкершілігін қарауды тапсырды. Күтіп тұрғандай, осыдан соң құқық қорғау орындары бірінен кейін бірі шүйліге үңіліп, тексере бастады.

Нәтижесінде 2013 жылдың маусым айында Ислам Әбішев қызметінен босатылды.

Ал Ислам Әбішев миллиардтарды үнемдеп қана қоймай, үнемделгеннен қалған қаржылармен сол объектілердің көпшілігі аяқталып, іске қосылып, бүгінде жұмыс істеп жатыр.

Мінеки, Ислам Әбішевтің алғашқы  «коррупционерлік» жолы осылай басталған болатын.

2014 жылы сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен  Ислам Әбішев қызметіне қайта тағайындалды.

Исекең қайтып келген соң да, «аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, тып-тыныш жұмысын жасай бермей, тағы да жатқан жыландардың құйрықтарын басты…

«КОРРУПЦИОНЕР» ӘБІШЕВТІҢ ЕКІНШІ ІСІ

Триллион үнемделген мемлекеттік бағдарлама

Тиісті басшылар «коррупционер Әбішевтен» құтылғаннан кейін, тез арада «Қазақстан су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын» дайындайды. Бұл бағдарламаға 1,5 триллион қаржы жоспарланады. Бұл бағдарлама барлық министрліктермен, басқа да тиісті органдармен келісіліп, үкіметте мақұлданып, қабылданып кетеді. Қаржыландыру 2015-2020 жылдарға жоспарланады. Бұл бағдарлама үкіметте қаралғаннан кейін, ол кезде бұл жұмыстан босап қалып, өзінің отбасылық бизнесінде жұмыс атқарып жатқан Ислам Әбішев өз ойын білдіріп, 2014 жылы наурыз айында «Время» газетіне сұқбат береді.  Ал 2014 жылы сәуір айында Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес қызметіне қайта тағайындалады.

Барлығы 1,5 триллиондық алапат қаржыны құрайтын аталмыш мемлекеттік бағдарламаны толық қайта қарап шығып, Исекең мүлдем басқа қорытындыға келеді.

Айналасына топтасқан тәжірибелі, сауатты, адал,  өз ісінің   мамандарымен (Жампозов Өмірбек, Мұхамадиев Сейілхан, Егенов Мейірбек, Имамадин, Кемелбеков Бақытжан, Наметов Бекзад және т.б.) өте үлкен сараптамалық жұмыстар жүргізеді.

Нәтижесінде жоспарланған 1,5 триллион қаржының 1,0 триллионын қысқартып, ал есесіне атқарылатын жұмысты бірнеше есе арттырады.

Бағдарламадағы шығын ең көп жұмсалатын үш бағытты төменгі кестеден көруге болады:

АтауыӨлшем бірлігіБағдарлама бойыншаӘбішевтің есебі бойынша
1Пайдаланудан шығып қалған суармалы жерлерді қалпына келтірумың га60,0600,0
2Апаттық жағдайдағы су ресурстарын үнемдеп қалпына келтірумлрд м30,92400
3Жаңа су қоймаларын, тоған бөгеттерін салу, көктемгі тасқын суларды жинау.млрд тг272,11900
4Жұмсалатын барлық қаржымлрд тг1543,0580,0

 

Қарап отырсақ, шығынды 3 есеге жуық аз жұмсап, қайта пайдалануға беретін суармалы жерді 10 есеге, үнемделетін суды 2,8 есеге, көктемгі жауын шашын кезінде жиналатын судың қорын 3 есеге арттыруды көздеп отыр. Су саласындағы мамандардың барлығын жұмылдырып, осы қыруар шаруаның есеп-қисабын әрбір тиынын дейін есептеп, жасап шықты.

Мұның барлығын жоғарғы басшыларға ұсыныс ретінде ендірді. Өкінішке орай ешқандай қолдау таба алмады. Амал жоқ, тағы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа кіріп, мән-жайды түсіндіруіне тура келді. 

Ал енді қаржыны үнемді пайдаланудың бұрын-соңды болмаған, аузымыз айтып үйренбеген алапат цифр – триллионды үнемдеген бұндай керемет үлгісін көрсеткеннен кейін, бұл салада жаппай тексерулер көбейді. Өйткені, бұдан бұрын Ислам Әбішев қызметтен кеткеннен кейінгі 10 айдың ішінде 1,5 триллион қаржы жұмсалып, азғантай ғана жұмыс атқарылатын мемлекеттік бағдарламаны тез арада толық қабылдап, бекітіп қойған болатын. (Ислам Әбішев 2013 жылы шілде айында жұмыстан кетті, бұрынғы бағдарлама 2014 жылы сәуір айында қабылданды.)

Ал Ислам Әбішевтің ұсынысы – мемлекетіміз үшін аса пайдалы мемлекеттік бағдарлама Елбасының өзі тапсырма бергеннің өзінде, тек 2 жылдан кейін ғана қабылданды. Бір қызығы, бағдарлама қабылдана салып, Әбішевтің командасындағы адамдар қудалауға түсіп, нәтижесінде 3-4 адам сотталды…

Әсіресе,  Әбішевтің нағыз құрдасы, осы барлық қызметті күндіз-түні бірге жүріп ат салысып, жан-тәнімен еңбек еткен Жампозов Өмірбек өте қатты қудалауға түсті. Оны қисынсыз айыптады. Соттың үкімі шығатын күні әділетсіздікке шыдай алмай, наһақтан күйіп кеткен  ол АЛЖИР саяси қуғын-сүргін құрбандарының Қасірет мемориалының алдына барып, өзін өзі атып тастап, құрбан болды. (Өзін-өзі атар алдында бір полиция қызметкерін, бір прокуратура қызметкерін атып жеңіл жаралады.) Ол қаза табарының алдында екі хат қалдырыпты, біреуі отбасына, біреуі Ислам Әбішевтің атына… Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Өмірбек Жампозов Ислам Әбішевті арнайы жеке шығарып алып, 2 сағаттан астам сөйлескен еді:

– Исеке, сақ болыңыз, бұлардың негізгі мақсаты біз емес – Сіз! Бізден гөрі Өзіңізге сақ болыңыз!- деп, қайта қайта-айтқанын Исекең ауыр қазаны естіген кезде, қабырғасы қайыса қатты қиналып отырып бізге  айтып беріп еді…  Бұл жөнінде Ө.Жампозов басқа кісілерге де айтқаны белгілі. Әсіресе, тергеу кезінде Ислам Әбішевтің мәселесі көп көтерілген көрінеді.

Мінеки, «коррупционер» Әбішевтің» екінші ісінің нәтижесінде жазықсыз бірнеше адам сотталды, бір адам жалаға, қорлыққа, әділетсіздікке шыдай алмай, өзін өзі атып өлтірді. (https://qazaquni.kz/2017/07/21/72385.html)

«КОРРУПЦИОНЕР» ӘБІШЕВТІҢ ҮШІНШІ ІСІ

Ауыз судан үнемделген 640 миллиард теңге

Мемлекеттік бағдарламадан бір триллион тенге !!! үнемделді – бағдарлама өзгертілді. Ол іске аса бастады. Енді сол жұмысты атқарып тыныш жата беруге болар еді ғой, көп шенеуніктер сияқты. Жоқ, біздің «коррупционер» көкеміз тыныш қарап жата алмайды!!! Тағы бір бәлені бастады. Енді халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету керек деп құлшынды! Исекең былай дейді: «Біз алдымен  Алланың арқасында, одан кейін Елбасының арқасында дамыған 50 елдің қатарына ендік. Жеріміздің асты-үсті толған байлық. Елімізде құдайға шүкір, тыныштық!!! Неге осындай жағдайда ауылдағы халықтың 3 миллионға жуығы ауыз суға жарымауы керек? Неге мен қалаған уақытымда үйімнің ішінде таза су ішіп, суға түсіп, кір жуып, рахаттануым керек, ал менің 3,0 миллионға жуық қандастарым, отандастарым тіпті, ішетін ауыз суға жарымай отыруы керек?

Бұл мәселені 2010 жылға дейін шешеміз деп уәде бердік, орындай алмадық… 2015 жылы қатырамыз дедік, қатып қалдық – орындай алмадық… Енді 2020 жылы дедік, ол да болмайын деп тұр. Елбасы «қашанғы халықты алдай береміз?» деп, бұл жөнінде қаншама айтып жатыр… Бұл мәселені шешу керек!»- деп, бір нақты шешімге келеді.

Анықтама ретінде айта кетейік: Су ресурстары комитеті тек қана Республикалық меншіктегі магистральдық топтама су құбырларына ғана жауап береді. Топтама су құбырлары бойынша мәселе толық шешілген. Ал елдімекен ішіндегі су жүйелеріне, яғни ауыз су мәселесіне  басқа мемлекеттік органдар жауап береді. Сондықтан Ислам Әлмаханұлы бұл мәселеге басын қатырмаса да болар еді, қарап жүрмейтін өзіне де обал жоқ. Бірақ, ол олай қарап отыра алмайды…

Енді еліміз үшін аса маңызды тағы бір зор іске кірісіп кетті. Ауыз су саласындағы мықты мамандарды жинастырып, жұмысшы топтарын құрды. Солар арқылы бүкіл Қазақстандағы ауыз сусыз отырған ауылдарды бүге-шігесіне дейін түгін қалдырмай, зерттеп шықты. Нәтижесінде барлық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қанша труба, қанша, қандай насос, қанша электр желісі, т.б. барлық сұрақтарға жауап табылды. Оның барлығы жұмысымен қоса қаралып, оған жобалау жұмыстарын қосып, керекті шығындар есептеліп шығарылды. Сол шығарылған есеп-қисап бұрыннан жүргізіліп келе жатқан  қазіргі жұмыстармен салыстырылды. Оның нәтижесін  мына төмендегі кестеден көре аласыздар.

КөрсеткішӨлшем бірлігіҚазіргі жүйемен жұмыс жасағандаҰсынылатын нұсқа (Әбішевтің нұсқасы)Үнем
1 адамға шаққандағы орташа шығынмың тг444,0158,1285,9
Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған халық саны   адам2 237 4002 237 400
Барлық шығындармлрд тг993,5353,8639,7

 

Кестеден көріп отырғандарыңыздай, шығынды 639,7 миллиард теңгеге аз жұмсап, жұмысты 2-3 жылда толығымен бітіруге болатынын дәлелдеп шықты. Бұл ұсынысты да барлық деңгейдегі басшыларға ұсынумен болды. 2017 жылдың соңында бұл мәселе Парламент мәжілісінде арнайы қаралды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин Зайруллаұлының қолдауымен мәжілісте мақұлданды.

Осы жұмыс басталып, 2017 жылдың күзінде толық аяқталып, ұсыныс жоғары жаққа айтыла бастағаннан тексерулер үдей түсті. Нәтижесінде Ислам Әбішевтің тағы бір серігі, өте білікті маман, ұйымдастыру қабілеті жоғары, Алматы облысы Су шаруашылығының басшысы Сейілхан Мұхамадиевті 2018 жылдың 31 қаңтар күні түнде үйінен ұстап әкетіп, таң атқанша тергейді. Ол таңертең тергеу мекемесінің төртінші қабатындағы тергеуші  кабинетінен секіріп кетіп, құлап қайтыс болды. Марқұм ұсталардан бір күн бұрын жұмыстан өз еркімен шыққан болатын. Ол зейнет жасында еді…

Сейілхан Мұхамадиев жылдың соңында Астанаға келген сапарында Ислам Әбішевке кіріп, денсаулығының болмай жүргенін айтып, жұмыстан босатуын сұранады. Ислам Әбішев оған келіспейді. Себебі баяғы 47 адам қаза тапқан Қызылағаш су қоймасы қайта салынып жатқан болатын. «Соны 2019 жылдың мамыр айына дейін бітіріп, екеуміз бірге жұмыстан босайық» деген ұсыныс айтады. (Айта кетейік, Қызылағаш су қоймасы бітуге таяу, шілде айында іске қосылады. Қоймаға жалпы 42  миллион текше метр су сақтауға болады. Стратегиялық маңызды нысан қолданысқа берілген кезде  аймақтағы 7 мың гектар суармалы алқапты толық игеріледі.) Сол күні кешке Сейілхан Мұхамадиев және Ислам Әбішев, соның ішінде мен де бар едім, кешкі ас іштік. Сол жерде ол кісі тексеруші органдардың тыныштық бермей, қатты мазалап жатқанын айтып, қиналды. Денсаулығының да нашарлап кеткенін айтты. Тағы бір қадап айтқаны: – Исеке, оларға Сіз керексіз, ол айдан анық нәрсе. Егер мен сізге негізсіз жала жауып, өз басымды қорғап шықсам, тыныш болар едім. Бірақ сізге не айта аламын, күндіз-түні ойлайтыныңыз халық және сол халық үшін адал қызмет ету. Осы күнге дейін үйімнен бір кесе шай ішкен емессіз»-деп, ағынан жарылғанына куә болған едік.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған үлкен еңбектің нәтижесі тағы бір абзал азаматтың, елім, халқым деп, еңбек етіп келген, енді ғана 64-ке келген азаматтың әділетсіздікке шыдамай өмірден өтуіне әкеліп соққан секілді… Әрине, Сейілхан Мұхамадиев ауыз суға байланысты айыпталған жоқ, бірақ барлығы Ислам Әбішевпен байланысты болды. Сейілхан Мұхамадиевпен қоштасқан қаралы жиында сөйлеген сөзінде Ислам Әбішев марқұмның су саласындағы атқарған еңбегіне жоғары баға берді:  «Осы мекемені Сейілхан мырза қабылдап алғанда, бар болғаны он шақты адам жұмыс істеген болса, бүгінде 700-ден астам адам еңбек етеді. Қаншама суармалы жер іске қосылды, қаншама су нысандары қайта жөндеуден өтті. Алда дайын тұрған қаншама жоспар бар еді…

– Сейілхан, міне, сеннен айрылып отырмын. Былтыр Жампозов Өмірбектен айрылдым. Айналамдағы ең сенімді, іскер серіктерімді орып бара жатыр. Сен де, Өмірбек те, өмірден бекер кеттіңдер!!! Ал ендігі кезек кімдікі екен??? Алдағы кезде қалай болатынын білмеймін, бірақ халық үшін қызметімді бір күн де тоқтатпаймын! Алған бағытымнан таймаймын да!»- – деп, толғана, тебірене сөйледі. Сондағы қаралы жиынға қатысқан көп адам көзіне жас алды.  Ислам Әбішевтің өзінің де көңілі босады…

Мінекей, қадірлі оқырман, «КОРРУПЦИОНЕР» ӘБІШЕВТІҢ ҮШІНШІ ІСІНІҢ АЯҒЫ ОСЫЛАЙ БОЛДЫ…

«КОРРУПЦИОНЕР» ИСЛАМ ӘБІШЕВТІҢ ТӨРТІНШІ ІСІ!!!

Суармалы жер – жүздеген мың жұмыс орындары мен түсетін триллиондар

 Қазақстанда қазіргі пайдаланылып жатқан суармалы жерлердің көлемі 1,4 миллион гектар. Оған жоғарыда айтылған қайта қалпына келтірілетін 610, 0 мың гектар жерді қоссаңыз 2,0 миллион га жер суармалы жер болады. Қазақстанда жердің жеткілікті екені әркімге белгілі. Ал су қорлары жоғарыда айтылған 2,0 млн.га жерден басқа қосымша 1,5 млн жаңа жерді суландыруға жетеді. Егер қосымша 1,5 млн га жер іске қосылса, кемінде 300,0 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл шаруашылық өнімдері бірнеше есе өскен болар еді. Ислам Әбішев осы ойды әрдайым айтып жүретін. Тіпті қонақта отырғанда да, әңгімені айналдырып әкеліп, осыған тірейтін. Бірақ министрлікте оны қолдайтын ешкім бола қойған жоқ. 2017 жылдың желтоқсан айында ҚР Үкіметі Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі болып Өмірзақ Шөкеев Естайұлы тағайындалды. Ислам Әбішев өз ойын  жаңа министрге толығымен жеткізді. Іскер басшы Өмірзақ Естайұлы бұл идеяның өте маңызды екенін бірден терең түсініп, толық қолдау көрсетті.

Түсінікті болу үшін айта кетейік, багаралық жердегі егілген бидайдың әр гектарынан  1,5 тонна, әрі кетсе 2,0 тонна бидай алуға болады. Алынған өнімнің барлық қаржысы 70-80 мың теңгеден аспайды. Ал суармалы жерге ауыл шаруашылық өнімдерінің өте көп түрін егуге болады. Бау-бақша, жеміс-жидек, көкеніс, картоп, мақта және т.б. түрлі дәнді дақылдар өседі. Суармалы жердің әр гектарынан алынатын өнімнің орташа құны 1,8-2,0 млн теңгені құрайды. Сонда жаңадан қосылатын 1,5 млн гектар жерден алынатын өнім құны  2,8-3,0 трлн теңгені құрайды екен. Ол жыл сайынғы өнімнің  егістіктің басындағы бағасымен есептегенде. Егер ол өңделіп, тиісті стандартқа жеткізіліп, сатылатын болса, жалпы өнім 5,5-6,0 трлн теңгені құрайды екен.

Ислам Әбішевтің игі идеясының мәнісі осында. Оның үстіне  игерілетін жерлер тың, таза жерлер болғандықтан ол жерлерден алынатын өнім жоғары сапалы, әрі экологиялық таза болады. Ондай өнімнің бағасы да 30-40 пайызға жоғары болады. Біздің есепте олар ескерілген жоқ.

2018 жылы Өмірзақ Шөкеевтың басшылық етуімен бұл бағытта орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл істі атқару мақсатында жұмсалатын қаржы көздері анықталды. Дүние жүзіндегі ауыл шаруашылық өнімдерінің ұрығымен, тыңайтқышпен айналысатын, өсімдіктерді зиянкестерден қорғаумен айналысатын, техникамен айналысатын, ең ірі алпауыт компаниялармен келісімге келді. Өсірілген өнімдерді сақтайтын, өңдейтін дүние жүзіндегі ірі компаниялармен келісімге келе  бастады. Ең бастысы – сол өсірілген өнімдерді сатып алатын әлемдік ірі компаниялармен келісімге келіп, олар ақша салуды осы жылдың көктемінен бастағалы отыр еді.

Сонымен қатар, өте үлкен ішкі тірліктер атқарылды:

  1. 1,5 млн гектар жерлерді қай жерлерден ашу керек.
  2. Ол жерлермен кімдер жұмыс жасайды.
  3. Ол жерлерге қалай су жеткізіледі.
  4. Ол жұмыстар қалай қаржыландырылады.
  5. Қай жерге қандай өнімдер егіледі.
  6. Оған керекті техника, басқа құрал-жабдық, қоймалар, қайта өңдеу цехтары.

Осы сияқты ұшы-қиыры жоқ жұмыстардың барлығы сақадай сай болып наурыз айының соңында басталуға дайын тұрған еді. 2018 жылдың соңында Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің ұсынысымен бұл бағдарлама үкіметте бір ауыздан мақұлданған болатын. Суармалы жер саласындағы халыққа, Отанымызға өте қажет жұмыстың бел ортасында жүрген, қара нардай қажымай күндіз-түні бір тынбай еңбек еткен Ислам Әбішев еді. Өкінішке орай ол бүгін осындай орасан істің басында емес… тас түрмеде отыр…

Су ресурстары комитетінің жоспары бойынша биыл пайдаланылмай жатқан 124,0 мың га жер, жаңадан 100,0 мың га жер іске қосылуға тиіс.

Егер 5 га суармалы жерде 1 жұмыс орыны бар деп есептесек, ол 45,0 мың адамға жұмыс табылады деген сөз. Қандай керемет – егер енді бұл жұмыстар орындалса…

Міне, «КОРРУПЦИОНЕР» ӘБІШЕВТІҢ ТӨРТІНШІ ІСІ осылай болып тұр…

ТҮЙІН

Жемқорлыққа қарсы күрес – жеке бастың есеп айырысуы ма?

 Біз Ислам Әбішевке тағылып отырған айыпты білмейміз, тек кейбір ақпарат құралдарында  «біреуден 60 млн теңге алмақшы болды» деген жел сөз жүр. Табиғатында ондай қасиеті жоқ адамның ондай тірлікке баруына сену қиын.

Кеше ғана белгілі композитор, әнші қызымыз Гаухар Әлімбекова да сотталып кете жаздаған жоқ па?! Кейін белгілі заңгер Абзал Құспан бауырымыздың білікті қорғауының арқасында ақталып шықты емес пе?! Бұл жолы да, бұл тұтқындау  сондай қателік болар деп сенеміз…

Мен осы мақаланы жазып отырып, мынадай түйінді тұжырымға тоқталдым.

 – Осы біз жемқорлыққа қарсы күресті жеке бастың есеп айырысуына айналдырып алған жоқпыз ба?!

– Мемлекеттің триллиондаған қаржысын үнемдеп, жан-тәнімен еңбек етіп жатқан адамның тәжірибесін неге зерттемеске?

– Неге оны басқа бағдарламаларға пайдаланбасқа?

– Сол үнемделген және  үнемделетін триллиондарды құрайтын қаржы – көп балалы аналардың, мүмкіндігі төмен адамдардың несібесі емес пе?!

– Базарда арба айдап, күнін көре алмай жүрген қазақтың жас жігіттеріне лайықты, жұмыс орындарын ашатын қаржы емес пе?!

– Астана мен Алматыда пәтер жалдап жүрген, ескі саяжайларды қыстайтын, біреулердің тозған сарайларында тұрып жатқан қандастармызға салынатын үйлерге жұмсалатын қаржы емес пе?!

 Әрине солай. Олай болса, Елбасымыздың әлеуметтік салаға баса көңіл бөлу керек, тұрғын үйлерді көбейту керек, бюджеттің қаржысын тиімді және үнемді пайдалану керек дейтін барлық тапсырмаларын толығымен, бар ынтасымен, бар болмысымен атқарып, асыра орындап  жүрген  Еңбек еріміз осы Ислам Әбішев емес пе?!

Ендеше, мұның соңына неге соншама шырақ алып түсеміз?

Белгілі мемлекет қайраткері Ахметжан Есімов бір ғана ЭКСПО жобасынан 100 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдегенде, Елбасымыз қандай ризашылығын білдірді.

Ислам Әбішевтің атқарған осындай алапат жұмыстары қазірше Елбасымызға, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жетпеген болар. Ендеше, біз жеткізуге тырысамыз. Дүние жүзіне танымал «Мак-Кинзи» компаниясы дайындаған Су саласындағы  мемлекеттік бағдарламаны қайта қарап, қаржыны үш есе кемітіп, атқарылатын жүмысты бірнеше есе арттырған басшыны біз қалай бағаламаймыз?!. Әлемдік деңгейдегі менеджер бұдан артық, қайдан болсын?! «Өз ұлып, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?» -деп, жыр дүлдүлі Ілияс жырлаған жоқ па еді?!. Әлде қолда бардың қадірі жоқ па?!

Әлде, бұл халыққа, Елбасыға қарсы астыртын күрес, көрпе астында жасалып жатқан көлеңкелі қастандық па? Жемқорлықпен күресті сылтауратып, халықтың болашағына, несібесіне балта шабу ма? Әрине, кінә табуға болады, соттауға да, қамауға да болады. Кезінде «Халық жауы» деп, Алаштың арыстары Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанбектерден,  тағы басқа қаншама асылдарымыздан айырылдық. Оларды да ұстауға, соттауға, атуға кінә табылған!!! Өкінішке орай ол кезде де, бір-бірімен ішкі есеп айырысу, өздері көрінбей бұғып жатып, сырттан қанжар салып,  кек алу негізгі себеп болғаны жасырын емес. Неге біз сексен жыл өтсе де, сол зобалаң да, зұлмат замандағыдай  болуымыз керек?!.

Есте болсын!!! Астыртын есеп айырысатындардың әдісі ескі болғанымен, Халық ескі емес, Ұлттың зиялы қауымы ескі емес. Тәуелсіз Қазақ еліндегі еркін ойлы халық өз асылдарын, өз жанашырларын жақсы таниды, айқын ажырата да біледі!

Ел өзінің Ерін  әділетті жолмен қорғай да біледі!

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

 

 

Бөлісу:

42 пікір жазылған

  1. Бек МЫРЗАҰЛЫ 22 Мамыр, 2019 07:11 Жауап

    Ислам Әбішев нағыз іскер азамат. Өз ісін жетік білетін маман. Халыққа көптеген жақсы істерімен қызмет еткен тұлға. Қай қызметте болса да ел ырысын арттыруға жанын салып жұмыс істегенін білеміз. Халықтың да, оны білетін адамдардың оған деген пікірі мен ықыласы ерекше. Өйткені Әбішевтің оларға шарапаты көп тиді. Өзздері түк бітіре алмайтындар жақсыны көре алмайтыны бізде жиі кездеседі, өкінішке орай. Біреуді аяқтан шалып, қайтсем соның орнына отырсам деген мансапкерлер де жетіп артылады. олар адам тағдырына, оның еңбегіне қарамайды. тек өздерін ғана ойлайды. Оған қоса біздегі құқық қорғаушылар шаш ал десе бас алады. Оларға жоғарыдан берілген жоспарды орындау ғана керек, сөйтіп өздері жақсы атаққа қалуды көздейді. Жолдарында кім тұрса да таптап өтеді. Біздіңше Ислам Әбішев сондай тұзақтың құрбанына айналып отыр. Сондықтан билік оған барынша оң көзқкркспен қарау керек.

  2. Сұлтан Бекбосын 22 Мамыр, 2019 11:34 Жауап

    Ал Ислам Әбішевтің ұсынысы – мемлекетіміз үшін аса пайдалы мемлекеттік бағдарлама Елбасының өзі тапсырма бергеннің өзінде, тек 2 жылдан кейін ғана қабылданды. Бір қызығы, бағдарлама қабылдана салып, Әбішевтің командасындағы адамдар қудалауға түсіп, нәтижесінде 3-4 адам сотталды…

    Әсіресе, Әбішевтің нағыз құрдасы, осы барлық қызметті күндіз-түні бірге жүріп ат салысып, жан-тәнімен еңбек еткен Жампозов Өмірбек өте қатты қудалауға түсті. Оны қисынсыз айыптады. Соттың үкімі шығатын күні әділетсіздікке шыдай алмай, наһақтан күйіп кеткен ол АЛЖИР саяси қуғын-сүргін құрбандарының Қасірет мемориалының алдына барып, өзін өзі атып тастап, құрбан болды. (Өзін-өзі атар алдында бір полиция қызметкерін, бір прокуратура қызметкерін атып жеңіл жаралады.) Ол қаза табарының алдында екі хат қалдырыпты, біреуі отбасына, біреуі Ислам Әбішевтің атына… Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Өмірбек Жампозов Ислам Әбішевті арнайы жеке шығарып алып, 2 сағаттан астам сөйлескен еді:

    – Исеке, сақ болыңыз, бұлардың негізгі мақсаты біз емес – Сіз! Бізден гөрі Өзіңізге сақ болыңыз!- деп, қайта қайта-айтқанын Исекең ауыр қазаны естіген кезде, қабырғасы қайыса қатты қиналып отырып бізге айтып беріп еді… Бұл жөнінде Ө.Жампозов басқа кісілерге де айтқаны белгілі. Әсіресе, тергеу кезінде Ислам Әбішевтің мәселесі көп көтерілген көрінеді.

    Мінеки, «коррупционер» Әбішевтің» екінші ісінің нәтижесінде жазықсыз бірнеше адам сотталды, бір адам жалаға, қорлыққа, әділетсіздікке шыдай алмай, өзін өзі атып өлтірді.

  3. Қамқа 22 Мамыр, 2019 11:37 Жауап

    Осы табанды да білікті басшы бола білген адамды «пара алды» дегенге түсінбей жүр едім. Сөйтсем рас, мына жерден оқып білгенімдей біреулердің «құрбаны» болыпты. Елімізде халқына жақын жүрер қандай да бір азаматты мына жүйенің жақсы көрмейтіні айдан анық! Оның үстіне зейнеткерлікке жасы кеп тұрған адам қалайша заң бұзбақ? Ал оған «заң бұздыра» салу түкке де тұрмай қалды емес пе араға от тастау арқылы. Әрине асыл азаматтың еркіндікте жүруін қалаймыз!

  4. Шаруа 22 Мамыр, 2019 15:55 Жауап

    Ағамызға қолдау білдірейік!
    xалықаралық үлкен жыланның аяғын басқан болып тұрғой,
    Рамазан айында дұға жасайык

  5. Құралбай 22 Мамыр, 2019 16:04 Жауап

    Ақордада бірін бірін аяқтан шалу. «Қайтсек «қазақы» адамдарға тосқауылболып жұмыс істетпесек, оған көнбей бара жатса бір жолын тауып түрмеге тықсақ» Міне, асылдай азамат сондай пиғылдағылардың қақпанына түскен екен.
    Шындық ауылы да алыста емес!

    • Фарида 29 Мамыр, 2019 23:22 Жауап

      Өмір сынақ пенде үшін, Ислам аға,
      Ұлт тағдырын алға қойған дара тұлға!
      «Аққа құдай жақ»- деген халқым дана
      Қолдасын Алла сізді болып пана.
      Еңбек адал жасалған Отан үшін
      Азаматсыз салған соған барша күшін,
      Орындалсын арман, тілек Рамазанда
      Ел қуансын адалдық пен ақталғанда!

  6. Бөгенбай 22 Мамыр, 2019 18:10 Жауап

    Қасиетті Рамазан айында Алланың рақымы түссін Ислам ағамызға. халқым деген азамат қой

  7. Әуелхан 22 Мамыр, 2019 18:23 Жауап

    Ұмытпасам 2007-2008 жылдары елде су тасқыны көп болып, «Ақдала» ауыл округінде 18 үйді топан су басып, әлгі тұрғын үйлерде адам тұрғысыз жағдайға тап болды. Әрине ел іші болған соң сол су шайған үйлердің шетіндегілер де үйлерін «жаңалап» алуға ұмтылды. Міне осы уақытта обылыс әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған Ислам Әлмаханұлы өзі комиссия төрағасы болып келіп, ешкімге де бұрмай ақты ақ дей отыра сапасыз үйлерді бұздырып, орындарына сәйкестендірілген үйлер салдырып, қаншама жанұяның риясыз қуанышты көңілінде қалып еді. Ал сол жылдарғы топан су алған аймақта аудан әкімдерінен бұрын жетіп, аяғына резіңке етік киіп алып елдімекендерді аралап жүргендегі түсірілімдері қаншама еді осы әлеуметтік желілерде? Тамаша басшы, қандай да бір қиын жағдайларда обылыс көлеміндегі болып қалар тірліктерде өзі бас болып, оп оңай жол тауып, шешіп кете беретін мұндай жанның «пара алды» дегеніне бүкіл обылыс халқы сенімсіздікпен қарап отыр десем артық айтқандық емес.

  8. Гүлсім Оспан 22 Мамыр, 2019 18:40 Жауап

    Бізде бәрі керісінше, елім деп етігімен су кешіп, халықтың ортасында жүрген азаматарымызға құрық, салады. Ал, түйені түгімен жұтып жатсада немқұрайдылық танытып көрмей отыра береміз. Ислам ағамыздың ел ішіндегі еңбектерін тайға таңба басқандай етіп айтып, көрсетуге болады. Жала жауып жақсыларды түрмеге жабу үрдіске айналғандай. Аққа құдай жақ деп, ағамыздың ісі ақталып шығуын алладан тілейік.

    • Іңкəрай 6 Маусым, 2019 20:06 Жауап

      Алла өзі жар болсын! Алдағы сайлауда əділ өтіп, бəрі қалпына келсе екен!…

  9. Қайрат 22 Мамыр, 2019 19:01 Жауап

    Ислам Әбишев мырзаға нақақтан нақақ жала жауып отыр , ақтап шығару керек отандастар !!!

  10. Гүлназ 22 Мамыр, 2019 19:13 Жауап

    Алла жар болсын! Әділет орнасын! Биліктегілер осындай адал қызметкерді ысырып отырғандары дұрыс болмады. Масқара!

  11. серикбай 23 Мамыр, 2019 12:48 Жауап

    бұрын халық жауы деп қаншама елді ойлаған азаматтар кетті ол үшін ешкім жазаланған жоқ тәелсідік алғаннан кейін көбі ақталды бәрін тек Сталин ман Берияға жаба салды қазырғы заманда жемқор деп соттап жібереді нағыз зұлым жемқорлар олар қала береді бүрулерінің қызметі де өседі Елбасы И Әбішев мырзаны қолдап отырған көрінеді бірақ Елбасының маңындағылардың ісі деп ойлайм олар Елбасымен Президентң аттарына кір келтіріп жүр

    • Мадина 30 Мамыр, 2019 02:21 Жауап

      Абишев Ислам ағамыз сиякты искер азаматтар көп болса екен.Адилдик кайда.Ол киси жумысын адал истейди.Алла разы болсын.

  12. Қолқоюсыз 23 Мамыр, 2019 12:56 Жауап

    Елім деген ерлерімізді түрмеге тоғыта берсек болашағымыз не болмақ? Президенттікке үміткерлеріміз ең бірінші əділ қоғам құруға атсалысса екен.

  13. Гүлім 23 Мамыр, 2019 12:57 Жауап

    Елім деген ерлерімізді түрмеге тоғыта берсек болашағымыз не болмақ? Президенттікке үміткерлеріміз ең бірінші əділ қоғам құруға атсалысса екен.

  14. Аида 29 Мамыр, 2019 17:38 Жауап

    Ислам Абишев всегда думал о государстве и народе в первую очередь! Справедливость должна восторжествовать!!!

  15. Азиза 29 Мамыр, 2019 19:25 Жауап

    Бұл кісі өте жақсы мейірбан жан еді оны босқа айыптап кінәлап отыр жала жапқандарды қдай өзі жазаласын. Құдайдан тілерім аман есен оралсын .

  16. Мадина 30 Мамыр, 2019 02:24 Жауап

    Абишев Ислам ағамыз сиякты искер азаматтар көп болса екен.Адилдик кайда.Ол киси жумысын адал истейди.Алла разы болсын.

    • Назира 3 Маусым, 2019 13:49 Жауап

      Өкінішті. Елге орасан қызмет көрсеткен адамды осындай күйге жеткізгені өкінішті. Сөзін халық сөйлемесе кім сөйлейді?
      Жоқ әлде жаңадан сайланатын президент шешер ме екен?

  17. Қолқоюсыз 30 Мамыр, 2019 10:45 Жауап

    Алла жар болсын И. Алмаханулына! Адилдик орнасын! жазыксыздар емес, нагыз *корупционерлер* алсын жазасын!!! Ели мен жерин ойлайтын адамга, кара басынын камын емес, тагыда *ели мен жерин ойлайтын Адамга* окиништиак осындай жаланын жабылып отканы Елине жаны ашыган Нар Тулга жазыксыздан жазыксыз камауда отыр, ал туйени туйедей, миллиардтап, триллиондап ел казынасын жегендер тайрандап бостандыкта жур. Осыдан туындайтын сурак *Адилдик кайда?* Жалпы адам сенгисиз нарсе, мурынына еш нарсенин иси бармайтын сауатсыздардын сауалын тудыратын
    сурак, миллионам, триллиондап мемлекет акшасын экономия жасайтын адамнын, ауыз жарытпас акша пара алды дегени. Менимшеде солай, бюджетти кыскартып, экономия жасап, бюджетти мемлекетке кайтарганы жогарыда откан озин Кудай санайтындардын конилине жакпады. Каласа жогарыда откан бастыктармен келисип, зан жузинде емес, кагаз жузинде чики-чики жасап, мемлекет акшасын талан-таражга салар еди жане жогарыда откандардын коздегени де осы еди. Ол олай жасамады, бул иси бастык сымактарга унамады, казак атам бекер айтпаган гой *каскыр ток болса-кора тыныш деп* аш коздер, аш каскырлар сол ушинде оны кудалады, орнынан алып тастамак болды.Натижесинде каскырдын ауызы жеседе кан, жемесе де кан болды. Ел камын емес, оздеринин бастарын ойлап «айран ишкендер» уттты, халык деп камын жегендер «шелек жалап» тутылды, торга тусти, кудаланды, оздерине кол салды.Оз ойын: « отирик бастыктарга жагымпаздангандар, ел акшасын жегендер, жымкыргандарды колдайды, неге *карга карганын козин шукымайды* бирин устаса бари кетиуи мумкин, ал халык пен мемлекетти ойлагандар саткындар, оз елин тонагандар, корупционерлер. Корупция демекши казирги танда биреудин аягын шалгын келсе, орнынан алып тастагын кесе «корупция» деген жаксы болды.Подстава жасайтын, немесе пара алды деп айыптайсын.Биреудин жеке бизнеси болып кеткен сиякты.И. Алмаханулынын басындагы жагдайда осынын бир кориниси секилди. Ол кисинин кинаси жок!!! Бари бир Аллага аян! Алла жар болсын ол кисиге!!!! Елимизде адилдик орнасын!!!

  18. Гүлжан Ногайбекова 30 Мамыр, 2019 15:16 Жауап

    Ислам аға,аллам жар болсын сізге.Өзінің адал еңбегімен,маңдай терімен жетті жетістікке!Енді келіп,зейнеткерлікке шығатын кезде,аяғынан шалып,алладан қорықсаңдаршы.Ішімді ашу-ыза кернеп барады,не үшін отыр,сонша халыққа жақсылық істегені үшін бе,жоқ әлде үкіметтің ақшасын үнемдегені үшін бе,оян қазақ дегім келеді!!!Аллам сізге шыдамдылық берсін,әр қиындықтың артында жақсылығы болады.Ағатайым біз сізбен біргеміз,оразаның кезінде дұғамыз қабыл болсын.Сіз бақытты болуға лайықты жансыз.Ортамызға оралыңыз,бізбен бірге болыңыз.

  19. Калима Байдулина 30 Мамыр, 2019 15:43 Жауап

    Адал енбегимен елге енбеги синген жан агамыз Исеке! Рамазан айында кудай колдап, халкыныз колдап аман есен ортамызға оралуынызды тилеймин. Укімет басшылары адал .еңбегіңізді бағаламаса, онда соқыр болғаны. Біз сізбен біргеміз, талай қиыншылыкты жеңген жансыз, бұл істен де женис коретиниңизге сенеміз. Ешкашан мойыманыз,

  20. Мурат Ногайбеков 30 Мамыр, 2019 16:18 Жауап

    Ислам аға,сіз талай ауыртпалықты жеңіп,қиын кезеңдерге төтеп беріп,биік белеске өз күшіңізбен жетіңіз.Ешкімнің қолынан келмейтін іс жасадыңыз.Ауыртпашылықты ақылмен,сабырлықпен жеңуіңізге тілектеспін.Халық сізбен бірге.Аллам өзің жар бола көр.Алланың құдіреті күшті.

  21. Динмухаммед Асан 30 Мамыр, 2019 17:36 Жауап

    Ислам Ата , аман есен оралуынызды тилеймиз , Алла сизге куш куат берсин.

  22. Қолқоюсыз 31 Мамыр, 2019 10:49 Жауап

    Ислам агамызга сабыр берсин.Адилдик орнап ортамызга оралсын.Акка кудай жак.Алладан келген сынак болса женилдетегор деп тилеймиз

  23. Гулзабира 1 Маусым, 2019 14:00 Жауап

    Жараткан ием суйген кулына берген сынагынан ози аман есен алып шыгады.

  24. Gulzabira Orazova 1 Маусым, 2019 14:01 Жауап

    Халкына адал кызмет еткен ер журек Ислам агамызга Алла десаулыкпен сабр берсин деп дуга етемиз.

  25. Сұлушаш 2 Маусым, 2019 18:09 Жауап

    Қаршадайынан еліне еңбек етіп халқының қамын ойлаған ағамыз дың осы уақытқа дейінгі адал еңбегі әрбір қазақтың көз алдында жүрегінде,есінде. Жақсылығын көрген халқым еңіреп отырған жоқпа.Қасиетті рамазан айында осыншама халқымның тілегі қабыл болып ортамызға оралсын деп тілейміз.

  26. Дина Белмурат 2 Маусым, 2019 18:51 Жауап

    Ислам Абишев ағамызды кінәсіз айыптап отыр.ИСЛАМ ағамыз халық үшін бәрінеде дайын еді.Су тасқыны болмауы үшін қолынан келгенін жасады.Халық су астында қалмасын деп оларға үй тұрғызып берді.Міне осы істерінің арқасында Ислам ағамыз халықтың ризашылғына ие болды.Ислам Абишев ержүрек нағыз батыр адам.Енді міне Ислам ағамыз жазықсыз біреудің ісінің құрбаны болуда.

  27. Анар Айдаркызы 3 Маусым, 2019 09:14 Жауап

    Справедливости просим!!! Не отнимайте у народа веру на завтра!!! Если уж таких людей клеветают то что говорить о нашем будущем!! Господин Абишев – Человек который великолепно справляется со своей службой, он отличный экономист (есть доказательство!!!!!!)очень грамотный, очень мудрый во всех своих решениях! ОН ЧЕЛОВЕК ПРИМЕР!!!! ПРОСИМ ОПРОВДАТЬ И ОСВОБОДИТЬ!!!!! И СНЯТЬ С НЕГО КЛЕВЕТУ!!! МЫ ХОТИМ ПРАВДУ!!! СВЕТЛОЕ ВСЕГДА ПОБЕЖДАЕТ, ТАК ПУСТЬ И В ЭТОМ ДЕЛЕ БУДЕТ ТАК!!!

  28. Назира 3 Маусым, 2019 13:56 Жауап

    Аққа құдай жақ! Аман- есен ақталып шықсын! Сот әділ өтеді деген үміттеміз!

  29. Қолқоюсыз 8 Маусым, 2019 14:13 Жауап

    Ислам Абишев ! Ол ким ? Ол киси киши пейл , парасатты оте сауатты , ак конил жан . Ол киси 1996 ылы Кызылкум елди мекениндеги бир катар шаруа кожалыктарынын бакша дакылдарын Арыс каласына тасып вагондарга тиеуге улкен комегин тигизген .Шаруаларга киын болмасын деп тасымалдаудын шыгынын ози толеп отырган .

  30. нуржан 16 Шілде, 2019 16:23 Жауап

    у нас кто защищает государсвенные интересы и относится к гос деньгам с экономией тот враг народа

  31. Улзинат Юсупова 19 Шілде, 2019 11:16 Жауап

    Ислам Абишев Қазақ Политехникалық институтының АСУ бөлімінде оқып жүргенде жиі кітапханада көретінмін, бір факультетте курстас болдық. Түнгі 12 ге дейін емтиханға дайындалып үздік тапсырып жүретін. Достыққа адал, жан жақты, білімнің щыңына жеткен, қоғамның кез келген саласын, креативты орасан үлес қоса отырып, іскерлікпен жандандырып жүрген қазақтық нағыз батыр азаматтарының бірі деп білемін. Басқа түскен пәлекеттен тез арада ақталып, өмірдің зейнеткерлік сатысының рахатын көруіне тілектеспін.

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − 5 =