Дания Еспаева қорғаныс саласындағы отандық өндірісшілермен кездесті

1154
0
Бөлісу:

Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы экономокалық аймақтағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын қорғаныc саласындағы еліміздің ірі өнеркәсіп ұжымына таныстырды. Зауыт қазақстандық әскер мен әскери күш құрылымдарын бронетехникамен қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптің қуаты – жылына 120 мәшинеден. Бронетранспортерлерді жақын арада әлемдік нарыққа шығару жоспарланған.

Дания Еспаева цехтың жұмысымен танысып, отандық кәсіпорынды мазалайтын сұрақтарға жауабын берді. Қойылған сұрақтардың ішінде несиелердің жоғары мөлшерлемесі мен мемлекеттік тапсырыстардың қысқа уақыттылығы бар. Дания Еспаева бұл және басқа мәселелердің жауабы өз бағдарламасында көрініс тапқанын айтты.

«Сіздер сияқты кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырыстардың уақыты бір жыл емес, кем дегенде үш жыл болуы керек. Бұл отандық өнеркәсіптердің жұмыс қуаттылығын арттырып, бәсекелестікке қабілетін жоғарылатады, – деді Еспаева. – Бағдарламамда несие мөлшерлемесін төмендету мәселесі қойылған. Қазір бұл компания екінші дәрежелі банктермен жылына 16 %-дық мөлшерлемеде несиеленеді. Таяуда ғана біз оны 14%-ға өзгерттік. Бұның өзі жоғары мөлшерлеме. Әрі сөз еліміздің қорғаныс жайында болып тұр».

Кәсіпорын жұмыскерлерімен кездесу барысында «Ақ жол» партиясының үміткері өзі, бағдарламаның негізгі тұстары жайлы айтып, әлеуметтік, басқа да тақырыптар аясында сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында Дания Еспаева сайлаушылардан 9 маусым күні Президенттік сайлауға қатысуын сұрады.

ҚР Президенттігіне үміткер Д. М. Еспаеваның сайлау қорының қаражатынан төленді

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу