Ақтөбеліктер иегова шіркеуін жабуды талап етті

1608
2
Бөлісу:

Ақтөбе тұрғындары қаладағы Иегова куәгерлері шіркеуінің алдында наразылық шарасын өткізді. Олар діни ұйымның жабылуын талап етіп отыр. Наразы топтың айтуынша, Иегова куәгерлерінің кесірінен біршама адам зардап шеккен.

Ұрандатып шыққандар­дың сөзінше, барлығы дерлік осы Иегова куә­герлеріне алданып қалған көрінеді. Бірі отбасымен араласпай кеткенін осы дін өкілдерінен көрсе, енді бірі солардың кесірінен далада қалғанын айтады. «Әжем Иегова куәгерлеріне үйімізді тарту етті. Құжатты рәсімдеп бергеннен бір апта өтісімен қайтыс болды. Олардың әжемнің басын айналдырып, психологиялық қысым көрсетіп, алаяқтық жолмен баспанамызды алғанына сенімдімін. Қазір мен екі баламмен солардың кесірінен далада қаңғып қалдым» – дейді қала тұрғыны Юля Ярос­лавцева. Ал діни бір­лестік басшылары мұның бәрі жала деп отыр. Бірақ олардың ашық мәлімдеме жасағысы жоқ. Елімізде Иегова куәгерлерінің алғашқы қауымы осыдан 27 жыл бұрын ресми тіркелген. Өңірлерде оның алпысқа жуық бірлестігі бар. Қазақстанмен көршілес мемлекеттердің барлығы дерлік бұл ұйымға тыйым салған. Ресейдің өзі екі жыл бұрын оларды экстремистік ұйым деп таныды. Бізде бұндай батыл қадам қашан жасалынады?..

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Қария 18 Мамыр, 2019 08:37 Жауап

    Біздің құқық қорғау орындары митингке шыққан өз адамдарымызды қамағанша осы иеговадағыларды барып тексермей ме? Әлде оларға күші жетпей ме? Орыстар оларды біржолата жоқ қылды. Бізді билікке олар керек болғаны ма?

  2. Сәкен 18 Мамыр, 2019 09:01 Жауап

    Осы пәлелер қаншама отбасын ойран етті, ақтөбеліктер дұрыс талап қойып отыр. Үкімет көздерің соқыр болмаса осыны көрмейсіңдер ме?

Пікір немесе жауап жазу

16 + бір =