«Эйр Астана» өз ұшағының Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонғанын жоққа шығарды

1017
0
Бөлісу:

«Эйр Астана» әуе компаниясы өз ұшағының Мәскеудің Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша КС873 рейсімен ұшып шығуы тиіс болған ұшағы 40 минутқа кешіктірілді. Ол ұшақты талаптардың минималды деңгейінің шегінде пайдалануға мүмкіндік беретін кейінге қалдырылған жарамды ақауға байланысты», – делінеді әуе компаниясының хабарламасында.

Ұшақ экипажының командирі Шереметьево әуежайына қонардың алдында шектеулерді есепке алып, әуежайдан тежегіш жолдың барынша ұзын болуын қамтамасыз ету үшін, толық ұшу-қону жолағын сұраған.

«Әуе кемесінің командирі апаттық жағдайда қонатыны туралы хабарлаған жоқ. Қону штаттық тәртіпте өтті», – дейді әуе компаниясындағылар.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік және қазақстандық БАҚ-та «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Мәскеудің Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонғаны туралы хабарланған еді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

бір × 2 =