Назарбаев: Қазақстанда бір ғана Президент бар және ол басты

Бөлісу:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауынан кейін келген жаңа команда өзіндік инновация енгізетініне сенімді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Көшбасшы мен халық біртұтас, ал әзірленіп жатқан бағдарламалар мен идеялар халықтың толық қолдауымен жүзеге асырыла бастаған кезде табыс болуы мүмкін. Бізде осылай болды, бәлкім, саясат дұрыс болды. Мен бес жалпыхалықтық сайлауға қатыстым, маған электораттың 85 пайызынан кем дауыс беріп көрген емес. Келесі трансформация тыныш, саяси сілкіністерсіз өтті. Менің ойымша, бұл жағдайдан дұрыс жолмен шыға білу керек. Менің мандатым әлі де жалғасты, аяқталмады. Мен әлі де жұмыс істей берер едім. Тіпті өз кандидатурамды 100 пайыз сеніммен қойып, мені бүкілхалықтық сайлауда қайта сайлайды дегенге сенімдімін. Бірақ өзгерістер қажет, жаңа ұрпақ қажет», – деді Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысушыларға.

Ол президент сайлауынан кейін келетін жаңа команда өз инновациялары мен ой-пікірлерін енгізетініне сенім білдірді.

«Көріп отырсыздар, мен спикерлер үшін қандай да бір қолайсыздық туғызамын, алдымен «Тұңғыш Президент», содан кейін «Президент» деп айтуға тура келеді. Осындай жағдай. Менің ойымша, Қазақстанда екіжақтылық болмайды. Бір Президент бар және ол басты. Біз оны сайлағанда соған жұмыс істейтін боламыз», – деді Елбасы.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ қауіпсіздікті қоса алғанда, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары бойынша жұмысқа қатысуды жалғастыратынын атап өтті.

«Менің бар жұмысым жаңа президенттің қызметін қолдау, тыныш жағдайда транзитті қамтамасыз ету және басталған жұмысты жалғастыру», – деді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Оның жұмысына 74 елден 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Бақан 17 Мамыр, 2019 11:49 Жауап

    30 жыл бақылап көріп- біліп отырған кісіге бұл елбасының әлем қауымдастығы алдындағы иміжін жақсартуға тырысуы ғана. Әккі әрі сұңғылалық ол кісіге тән. Президеніттің тізгін- шылбырын ұстата салады деу аңғалдық болар. Перде артында тұрып өзі басқарады, жаға президент жеңіл- желпі мәселелерді ғана шешеді, кесек жұмыстар елбасынсыз шешілмейді. Жаңасы формалды ғана болады. Қысқасы нән тірідей билікті бермейді.

  2. Қария 17 Мамыр, 2019 22:35 Жауап

    «Көріп отырсыздар, мен спикерлер үшін қандай да бір қолайсыздық туғызамын, алдымен «Тұңғыш Президент», содан кейін «Президент» деп айтуға тура келеді. Осындай жағдай. Менің ойымша, Қазақстанда екіжақтылық болмайды. Бір Президент бар және ол басты. Біз оны сайлағанда соған жұмыс істейтін боламыз», – деді Елбасы. Түсінбей қалдық, біз енді жаңа президентке жұмыс істейміз бе? Жаңа президент халыққа жұмыс істемей ме?

  3. Қазақ 17 Мамыр, 2019 23:00 Жауап

    «Көріп отырсыздар, мен спикерлер үшін қандай да бір қолайсыздық туғызамын, алдымен «Тұңғыш Президент», содан кейін «Президент» деп айтуға тура келеді. Осындай жағдай. Менің ойымша, Қазақстанда екіжақтылық болмайды. Бір Президент бар және ол басты. Біз оны сайлағанда соған жұмыс істейтін боламыз», – деді Елбасы. Президент халық үшін қашан жұмыс істейді?

  4. Қолқоюсыз 18 Мамыр, 2019 18:52 Жауап

    Бір адам мың адамның намазын бұзды деген осы. Қызметтен дұрыс кете қалу да үлкен өнер. Осылар соны да білмейді ғой….

  5. Азат 18 Мамыр, 2019 19:53 Жауап

    Президент үшін жұмыс істеу, әәәәәә, бұл биліктегілердің логикасы мен түсініктері, елге аса жаңалық емес, бірақ жоғары мінбелерден осылай сөйлеу тіптен ерсі, ХАЛЫҚ үшін жұмыс істейтін Елбасы, тек әділ сайлау болғанда ғана ХАЛЫҚТЫҢ ДАУЫСЫМЕН ТАҢДАЛАДЫ. Ондай бақ бізге қашан бұйырады екен…………..

  6. Қолқоюсыз 18 Мамыр, 2019 19:58 Жауап

    Әке-шешелерінен қалған мұра сияқты, таққа жармасып кетпейтіндер елді ойлайды деудің өзі артық. 60 жастан кейін билікке жолатпау керек, ал 70-80-90 тіптен сұмдық қой, олардан не пайда, қаншама жастар бар елді басқара алатын, соларға жол беру керек қой, каргузова, айтимова айта берсек толып жатыр ондайлар.

Пікір немесе жауап жазу

он + сегіз =