Бақылаушылар миссиясының басшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты оң бағалауда

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Қазақстандағы сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесу өткізді.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы еліміздің ҚР саясатының сабақтастығын, болжамдылығын және тұрақтылығын, ел басшылығының демократиялық құндылықтарға, адал, ашық және әділ сайлау өткізуге берік бейілділігін атап өтті. Б. Атамқұлов жеті кандидатты, оның ішінде әйел адам бар екенін айта келе, ел үшін бұрын-соңды болмаған сайлау науқанының бәсекелестік сипатын атап өтті.

7 мамырда Варшавадағы ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Ингибьёрг Гисладоттирмен өзінің жемісті кездесуін еске сала отырып, СІМ басшысы Қазақстан тарапының сайлауды бақылау процесінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясына барлық қажетті жәрдем көрсетуге дайын екендігін және бұдан әрі барлық қажетті көмек көрсетуге дайын екендін жеткізді.

Жылы және сындарлы атмосферада өткен мүдделі әңгімелесу барысында У. Гацек өзі басқаратын миссияның Қазақстанның мемлекеттік органдарымен, ең алдымен Орталық сайлау комиссиясы және Сыртқы істер министрлігімен осы кезеңдегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастығына оң баға берді.

Миссия басшысы штабты қамтитын өзі басқаратын миссия, 22 ұзақ мерзімді және күтіліп отырғандай 300 қысқа мерзімді бақылаушылар, ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық мемлекеттерде ДИАҚБ қолданатын бірыңғай өлшемдерге сәйкес электоралды процесті жан-жақты, әділ және тиімді бағалайтынына сенім білдірді.

У. Гацек толық ашықтық рухында әрекет ете отырып, президенттікке барлық кандидаттармен және олардың штабтарының басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Польшадағы сайлау науқанына елдің ұлттық Парламентіне және Еуропалық Парламентке табысты қатысқан, сондай-ақ бірқатар елдерде ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі миссияларға басшылық еткен тәжірибелі дипломат пен саясаткер жиналған тәжірибе оған сайлауды жан-жақты және объективті бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өткен аптада Қазақстанға алғаш рет келген У. Гацек сондай-ақ Нұр-Сұлтаннан алған әсерлерімен және ол туралы кеңірек және терең түсінік қалыптастыру мақсатында елде болған кезеңде әртүрлі өңірлерге бару жоспарларымен бөлісті.

Жалпы, СІМ халықаралық ұйымдармен және шет елдердің Орталық сайлау комиссияларымен Қазақстандағы президенттік сайлауға бақылаушыларды жіберу мәселесі бойынша белсенді жұмысын жалғасуда. ЕҚЫҰ-дан басқа, Қазақстанда ТМД, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, ТүркПА сияқты халықаралық ұйымдардан бақылаушылар миссиясын күтуде.

Аңықтама: ДИАҚБ міндеттері адам құқықтарын сақтау мониторингі, демократияны дамыту және ЕҚЫҰ кеңістігінде заңның үстемдігін бекіту болып табылады. Ұйымның құзыретіне сондай-ақ сайлауды халықаралық бақылау, сараптамалық деректерді ұсыну және практикалық қолдау көрсету жолымен Адами өлшем бойынша міндеттемелерді орындауға жәрдемдесу, төзімділік пен кемсітпеушілік саласындағы әмбебап күн тәртібін ілгерілету кіреді.