Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Кіші Арал мәселесіне назар аударды, - деп хабарланды Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында.

"Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді.  Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын", - деп жазады Ақорда Тоқаевтың сөзін.