Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды