Қазақтарға келгенде заң қатал, казактарға ше?..

7520
11
Бөлісу:

Президент сайлауы басталғалы қазақ қоғамы іштегі де, сырттағы саяси күштердің назарында тұр. Әсіресе, сыртта жүріп, қазақты жаймашуақ өмірге кенелтемін деп ұрандап жатқандар да жетерлік. Ал, іштегі ұлттық мәселе де шырпыны лақтырсаң, лап еткелі тұрғандай. Себебі, қазақтың ұлттық мәселесі азаттықта өткен отыз жыл ішінде түбегейлі шешілді деп айта алмаймыз.

Бір ғана мысал, қазақ тілінің жайы әлі күнге дейін «жабулы қазан» күйінде қалып келеді. Жоғары мінберден оның мемлекеттік құзырын алға тарта сөйлемеген адам жоқ. Өкінішке орай, сол баяғы жартас, бір жартас күйінде екенін несіне жасырамыз.

Маған қазақ үш жылдан бері толық азаттығын алмағандай көрінеді. Иә, біз азат елміз. Бірақ, олай болса, неге қазақ өз елінде өзгейліктің кебін киіп жүр. Тілі шұбар, басқа этностарды былай қойып, биліктегі өз қандастарымызға оның қажеті жоқ. Егер өмірлік сұраныс болса, биліктегі де, төмендегі де бар қазақ өз ана тілінде сөйлер еді ғой.

Екі жүз елу жыл бодан болып, намысымызды түп-тұқиянымен құртып жіберген-ау, осы. Әйтпесе, бұтына қазақтың оюлы шалбарын кимесе де, жүрегінде қазақ деп соғатын лүпіл сезім себезгілеп болсын бір ұшқын берер еді. Осыны көріп, қарның ашады. Биліктегілерге көңілің қалып, ішіңде қара қазан қайнайтынының бір сыры осы.

Біздің биліктегілер басқа этностардың қабағына неге көбірек қарайлайды. Оларға от та, сот та жоқ. Бір қазақ көшеге таза плакат алып шықса, құқық қорғаушылар желкелеп алып кетеді. Ал, казактар қылыштарын асынып, әсери киімдерін киіп, көштің алдына шықса да, оларға ауыз ашпаймыз. Елдің Конституциясы мен заңдарынада жартылай әскери киім киініп, суық қару ұстануға болмайтыны ашық жазылған. Бірақ, заң және құқық қорғаушылар оларды көрсе де, көрмеген болатыны түсініксіз. Бәріміздің көз алдымызда, тіпті, Президенттің дәл алдында заңды белден басып отыр ғой. Әлде заң қазаққа қаталдау, казакқа жұмсақтау болсын жазылған ба?!

Казактарға соңғы жылдары мемлекеттен олардың әскери жиындарын өткізуге қаражат бөлініп келеді. Қанша рет айтып, дабыл көтерсек те, бұған биліктегілер де міз бағар емес. Қайта бұл патриоттық мақсат үшін оларға әскери жиындарын өткізуге беріліп жатыр-мыс дейді.

Сіз казактар қазақтың азаттығын қорғайды дегенге сенесіз бе? Сенейін-ақ, бірақ, олар елдің заңын аяқ асты етіп, жартылай әскери киім киініп, қылыштарын не үшін асынады. Ол ол ма, қазақтың Әнұраны орындалса, казактар қолдарын жүректеріне баспайды, қылыштарын сабын ұстап, сес көрсетеді. Соңғы күндерде ғана Қазақстан бойынша бірнеше осындай келеңсіз көріністер ғаламторда жарияланды. Осыдан кейін казактар қазақ үшін оның отымен кіріп, күлімен шығады дегенге илану қиын.

Мен бұл үндеуімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға жолдағым келеді. Азат та, әділ мемлекет құрғымыз келсе, казактардың

әскери киім киініп, қылыш асынуына тоқтау салынуы тиіс. Бұл менің жеке үнім емес, барша қазақ зияларының сөзі деп ойлаймын. Бұрнағы жылы менің «Казактарды әкімдер қолдайды, қазақты кім қорғайды?!» деген мақалам жарияланып, оған қазақтың танымал жазушылары, ақындары мен зиялылары қолдау біолдірген еді. Сіз де қолдайды деп сенемін, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бақыт Смағұл,

«Қазақ үні»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

    • Ерман Қасымов 28 Маусым, 2019 08:52 Жауап

      Біз де осы пікірді қолдаймыз. Мемлекетімізді басқа ұлттың бәрін ынтымағын қолдаймыз дейміз, силаймыз дейміз, олар неге бізді яғни отанымызды силамайды. Біздің де ата-бабаларымыздың қаруы қылыш, найза, садақ болған біз де онда қару асынып жүрсек қандай бейбіт өмір бола береді. Қазір еліміз онсыз да қолдан жасаған қиындықтарды кешіп жүр, сонда сол қаруды пайдаланбауына кім кепіл.

    • Қолқоюсыз 8 Шілде, 2019 17:55 Жауап

      Мен.осыны.кашаннан.армандап.жургенмин.казактар.оздерин.такаппар..устаиды

    • Қолқоюсыз 8 Шілде, 2019 18:00 Жауап

      Мен.осыны.кашаннан.армандап.жургенмин.казактар.оздерин.такап.пар..устаиды

  1. Еркебұлан Төреханов. 14 Мамыр, 2019 23:01 Жауап

    Мен жазып жүрмін Үкімет басындағы шала қазақтарды құрту керек.Бекболаттар білмей отыр дейсіндерма ол қорқады жылы орнынан айрылып қалам деп.Қара бастарын ойлап жүргенде казактар осылай қылыштарын ойқастата береді.

  2. Сламхан. 15 Мамыр, 2019 01:12 Жауап

    Осы казактарға заңсыз берілген шеруде жүрулерін біздің биліктегілер қазақтарға неге қимайды екен? Ата заңымыз рұқсат етсе де, билік рұқсат етпейтінін, тіптен шындықты көрсеткен БАҚ өкілдеріне әдейі кедергілер ұйымдастырғандары «демократияның» біздің елдегі ең жоғарғы шегі шығар.

  3. Шернияз 18 Мамыр, 2019 02:42 Жауап

    айтыс ақыны 90-шы жылдары не деп еді?»зорлыққа күшпен қарсы тұру керек,жасағын Абылайдың құру керек…

Пікір немесе жауап жазу