Тоқаев: Халықтың ақшасын ұрлағандар қатаң жазаланады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ақшасын ұрлағандар мен тиімсіз пайдаланғандардың қатаң жазаланатынын айтты.

Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

"Бұл халықтың ақшасы. Оны тонауға немесе иемденуге ешкімнің құқығы жоқ. Мемлекеттік сатып алулар саласында тәртіпті орнату керек. Онда сыбайлас жемқорлық шектеуден асып түседі, ол ұлттық қауіпсіздікке кесірін тигізуде. Сондықтан, біз сыбайлас жемқорлыққа, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар саласындағы жемқорлықпен күресеміз", - деді ел президенті.

Қазақстан президенті аймақ басшыларын халықпен етене жақын болуға шақырды.

"Өңір басшылығы азаматтық секторды қоғамдық бақылауға назар салуға және дер кезінде шешім қабылдауға дағдыландыру керек. Барлық әкімдерге халықтың өтінішіне жедел жауап беретін орта құру керек. Біздің негізгі мақсатымыз - жастар үшін әлеуметтік саты құру. Сол мақсатта "Президенттік кадрлық резерв" құрылды. Сонымен қатар экономика, ғылым, мәдениет, спорт саласындағы талантты жастардың өзін өзі дамытуына қолдау жасаймыз", - деді Тоқаев.