Тоқаев: Халықтың ақшасын ұрлағандар қатаң жазаланады

3081
6
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ақшасын ұрлағандар мен тиімсіз пайдаланғандардың қатаң жазаланатынын айтты.

Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

«Бұл халықтың ақшасы. Оны тонауға немесе иемденуге ешкімнің құқығы жоқ. Мемлекеттік сатып алулар саласында тәртіпті орнату керек. Онда сыбайлас жемқорлық шектеуден асып түседі, ол ұлттық қауіпсіздікке кесірін тигізуде. Сондықтан, біз сыбайлас жемқорлыққа, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар саласындағы жемқорлықпен күресеміз», – деді ел президенті.

Қазақстан президенті аймақ басшыларын халықпен етене жақын болуға шақырды.

«Өңір басшылығы азаматтық секторды қоғамдық бақылауға назар салуға және дер кезінде шешім қабылдауға дағдыландыру керек. Барлық әкімдерге халықтың өтінішіне жедел жауап беретін орта құру керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жастар үшін әлеуметтік саты құру. Сол мақсатта «Президенттік кадрлық резерв» құрылды. Сонымен қатар экономика, ғылым, мәдениет, спорт саласындағы талантты жастардың өзін өзі дамытуына қолдау жасаймыз», – деді Тоқаев.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Қазақ 14 Мамыр, 2019 23:15 Жауап

    Тоқаев мырза, 30 жыл Қазақтың төрінде жүрсіз, Қазақ айтып жүрген, соңғы кезде шыңғырып айтып жүрген мәселелерді, соның ішінде ұрыларды ұстап, жазалап, ұрлағандарын қайтарғызу керек екенін Халық айтып жүр ғой, сондықтан Халықтың сөзін қайталамай, бірінші күн президенттікке кіріскеннен бастап, Халықтың талабын орындамайсыз ба………

  2. Амантай 15 Мамыр, 2019 14:08 Жауап

    Тоқаевтың саясаткерлігі, іскерлігі, азаматтығы, адамгершілігі, ел мүддесі жолындағы әділдігі, табандылығы , күрескерлігі сыналатын уақыт өтіп жатыр. Бірақ ол әзірге ештеме жасай алған жоқ. Халық түбірлі өзгерістер күтеді. Ең өзекті мәселелер бойынша нақты қадамдар жасалып, батыл шешімдер қабылдануға тиіс. Халық бұрынғыдай алдауға. өтірікке сенбейді.

  3. Сыншы 18 Мамыр, 2019 09:43 Жауап

    Ауызбен орақ орғандарды көргенбіз, оған тойып болдық. Қашан нақты іспен айналысасыңдар? Он рет оттағанша бір кішкене ғана нақты іс тындырмайсыңдар маң көбікауыздар?

Пікір немесе жауап жазу

үш × бес =