Тоқаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі", - делінген жазбада.