Ер міндеті – ел мүддесі

Біз, Шымкент қаласындағы Асар мөлтек ауданы тұрғындары, кейде отырып әңгіме тыңдап, көңілмен бір шай ішетін кезімізде, өткенді естеп, Асардың алғашқы құрылған күндерін есімізге алғанда, осы бір ер азамат туралы ойға алып,ол кісінің адал еңбегін, көрген жақсылығымызды айтқымыз келді. Негізі біз қарапайым жандармыз - ішімізде , ақын не жазушы жоқ. Бүгінгі күн біз үшін сый, Келер күн сыр, Өткен күн тарих, өткен күнді естеу ол да бір, біз үшін ғанибет дүние. «Асардың» алғашқы үйлері  салынып елдің алды көшіп келген 2008 жылы біздің шағын ауданға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп хал-жағдайымызбен танысты. Осында «Нұрлы көш» бағдарламасының тұсауы кесілді. Президент «Асар» жобасын Республика бойынша таратуды ұсынды. Осы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Алмаханұлы Әбішов болатын. Мидай далаға келіп, елді мекен салудың өзі көп қиыншылықтар тудырды . Су , жол,электр, газ, желісі жоқ ойлы-қырлы жерлер қыруар мәселелерді шешуді талап етті. Осындай қиын-қыстау  кезеңде  Ислам Әлмаxанұлы Әбішевтің көмегі ерекше болды. Осындай жаны жайсаң, алысты көре білетін , игі істерге ұйытқы болған ел азаматтарының арқасында  қазір «Асар» мөлтек ауданы гүлденіп, көркейіп, күннен –күнге жарқырай  түсүде. «Ер еңбегін – ел ұмытпайды» дегендей «Асар» мөлтек ауданы тұрғындары Ислам Әбішевтің есімін әліге дейін мақтан тұтады. Ер міндеті- ел мүддесі- дегендей, .Исекең Бадам елді мекеніндегі өзіне тиеселі 10 гектар жерді мұқтаж отбасыларына  үй-жай құрылысы үшін, тегін таратып  берді. Оңтүстікте туып өскен Ислам Әбішевтің еңбегін Елбасымыз жоғары бағалап, Шығыстағы Өскемен қаласына басшылыққа жіберді. Шығыс өңірінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап , іске етене араласып кетті. "Еңбек ырыстың қазығы" деп білген Ислам Әбішевпен бірге жұмыс істеген қызметшілердің , депутаттардың ,жай қарапайым тұрғындардың  сөздерін мысалға келтірсек, орынды болса керек деп ойлаймыз. Олег Чернышев, ШҚО мәслиxаты депутуты: "Жүз аула» деген бағдарлама аясында, көп жұмыстар атқарылды, аулалар тәртіпке келтіріліп қыруар жұмыстар істелінді. -В. Семенов: Бізде жиырма жылдан бері ыстық су болмаған еді. Бес мыңдай өскемендіктер жазда ыстық сусыз жасаған. Бұл мәселені Ислам Алмаханұлы өкімет қаражатынсыз, демеушілер көмегімен аз уақыт ішінде шешті. Яғни наурыз айында уәде берген болса, қазан айында ,ыстық су шығырып берді.Халық осы күнге дейін дән риза. Қалада жаңадан балалар саябағы,су қайықтарының аялдамасы бой көтерді. Бұл бұрын- соңды болмаған оқиға болды. -Ислам Алмаханұлы істеген кезеңде он екі балалар бақшасы құрылып іске қосылды. Қалада барлық әулі – жайлар тазаланып жаңартылды және көгалдандырылды. -163 шақырым түрлі коммуникациялық тармақтар іске қосылып, 18 насос стансасы, 1-су бөлетін мұнара, 106 шақырым жылу құбыры, 34 шықырым ауыз су құбыры, 75 шықырым электр желісі құрылды. Осындай игі істерімен Ислам Алмаханұлы Әбішов Өскенмен халқының құрметіне ие болды. 2012 жылы 5-ақпанда Өскеменнен Астанаға  жаңа жұмыс орнына ауысып бара  жатқан болатын. Ұшақ жайда  оны күзетү үшін , бірге істеген  әріптестері, қала тұрғындары , көп жиналды.Күзетүшілердің көпшілігі оның көрсеткен еңбегіне үлкен ризашылығын білдіріп қайырласты. Қазақстан Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары комитетінің басшысы лауызымында да өзінің қажырлы еңбегімен көзге түсті. «Еңбек қылсаң халқыңа, Игі ат қалар артыңа». Артына ізгі ат қалдырып жүрген шыншыл да адал, қайрымды да мейірімді, жаңалыққа жаны құштар , халқы үшін аянбай еңбек етіп жүрген, ел азаматы, «Барыс», «Парасат", "Құрмет» ордендері мен көптеген медельдармен марапатталған Ислам Әбішев жақында Пайғамбар жасқа толады. Құрметті Ислам Әлмаxанұлы !, Пайғамбар жасыңыз құтты болсын! Осы қуанышты күні, Сізге деніңіздің саулығын, шаңырығыңыздың шаттығын, отбасыңыздың амандығын тілейміз, Сізге Алла ырыс-береке, бақыты да баянды ғұмыр берсін.    Шымкент қаласы, «Асар» мөлтек ауданы ақсақалдары:  Ауесбаев Қуат, Салибаев Мінайымбек, Құлметов Тойлыбай, Адилов Өскенбай,                                             Төремұратов Еркін, Айдаров Азретқұл, Көкиев Сенбі, Сарманов Анарбек.