Мемлекет басшысы жаңа әскер қолбасшыларын тағайындады

3841
3
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әскер қолбасшыларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Базарбекұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Әуе қорғанысы күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;

Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Бабарахым Құрбанұлы, Шымкент. 26 Мамыр, 2019 12:40 Жауап

    Бәрінің орнын ауыстырып, (әскер мен ІІМ-гі) елде бір саяяси өзгеріске даярлықтың алдан-алу басталғанға ұқсайды. Егер бір жағдай бола қалса – тағы да Тоқаевтың тарихта Бас кінәлі болып қалмасына кім кепіл? НӘН екеуінің Қытаймен екі ортада қазаққа жасаған күнәлары үшін кім жауапты болады? Сол үшін Қытай халық азаттық аңсаған армиясы келіп тұрса – ел алдына кім шығады. Сол сырттай келісім жайлы көбірек материал жариялаңыздар!

  2. Қолқоюсыз 26 Мамыр, 2019 14:38 Жауап

    Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесін Назарбаев басқармай ма?

  3. Қайрат Қырықбаев 27 Мамыр, 2019 14:04 Жауап

    Генерал-майор Садықов Қ. Ә. Қызметіңіз құтты болсын, өсе беріңіз!

Пікір немесе жауап жазу

үш × екі =