Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында 1-орынды иеленді

Біздің құрама максималды ұпай жинап, әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Белорусь құрамасы арасында бірінші лиганың А тобындағы басты кездесуі өтті. Матчтың 9-шы минутында Никита Михайлис есепті ашқан болатын. Одан кейін Талғат Жайлауов есеп айырмасын еселей түсті.

Екінші кезеңде белорустар жерлестеріміздің қақпасына жалғыз шайбаны кіргізеді. Ал үшінші кезеңде Белорусь құрамасы есепті теңестіре алды. Есеп 2:2. Негізгі уақытта матч жеңімпазы анықталмады.

Ал овертаймда Аркадий Шестакова шайба кіргізіп, Қазақстан Ұлттық құрамасына жеңіс сыйлады.

Жерлестеріміз енді әлемдік хоккей элитасында ойын көрсететін болады. Жоғары дивизионға Белорусь құрамасы да өтті.