Азат Перуашев "Отелло" қойылымына өлең арнады

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Отелло" драмасының қойылымына қатысты. Қойылымнан кейінгі әсерін өлеңмен жеткізген халық қалаулысының "туындысын" режиссер Талғат Теменов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

- Белгілі режиссер Талғат Теменовтың "Отелло" драмасы керемет өтті. Мұндай қойылым сахналанады деп ойламаған едім. Диалогтар, күрес сәттері, "айна" әдісі секілді бірнеше жақсы жаңалық енгізген. Мұндайды Мәскеудегі "Үлкен театрдан", Вена, Бейжін театрларынан да көрген емеспін. Шешуші сәттегі эффектілер, сахнадағы жабдықтарды қолдану жағынан өте қарқынды қойылым. Көп әсер алдық. Сол әсерден қысқа бір өлең жазып жібердім, - деп бөлісті өз пікірімен Азат Перуашев.

После «Отелло» Талгата Теменова

*** Коварный замысел удался, Подброшен дареный платок И генерал не догадался, И злую страсть унять не смог. А зал был полон женской боли Горящих глаз, стыдливых слез, Недослаждение любови В тот вечер я собой унёс. Стихи Азата Перуашева