«Алтынкөл» кеден бекетінде акциздік маркалар ұсталды

1875
0
Бөлісу:

 

«Алтынкөл» кеден бекетінің шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығының бақылау, өткізу пунктінде кезекті кедендік тексеру барысында кеден қызметкерлері мен Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, РТУ «Раписан» аппараты арқылы кедендік тексеруден жасырып өтпекші болған контрафакталық темекі өнімдеріне арналған акциздік маркаларын ұстады. Акциздік маркалар Ресей Федерациясынан шығарылатын темекі өнімдеріне арналған болып шықты. Ұсталған тауардың жалпы салмағы 185 кг. Саны 1 920 000 дана болып шықты.
Қазіргі уақытта тиісті процес­суалдық шешім шығару мақсатында ұсталған тауардың кедендік құнын және оған кінәлі адамдарды анықтау шаралары қолға алынды.

Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті
«Алтынкөл» кеден бекетінің
баспасөз орталығы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

бір × 5 =