АУЫЗ СУ АЗАБЫ

1257
0
Бөлісу:

Елімізде ауылдық жерлерді сумен жабдықтауда ең төменгі көрсеткіштер Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті.

Халықты сапалы ауыз сумен және су жүйелерімен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Былтыр ауылды жерлерді сумен жабдықтауға 100 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген екен. «Оның ішінде республикалық бюджеттен ауыл ішіндегі жүйелерге – 69,6 млрд теңге бөлініп отыр», – деді Мархабат Жайымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Комитет басшысының айтуына қарағанда, 2018 жылы елдегі 6 499 ауылдың 3 892-і (барлық ауылдың 59,9 пайызы) сумен жабдықталған. Қазіргі уақытта ауыл халқының 84,4 пайызы немесе 6,5 млн. адам орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізіп отыр. Жобаларды іске асырудың оң әсеріне және республика бойынша көрсеткіштердің артуына қарамастан, жекелеген өңірлерде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша теңсіздік байқалуда. Ауылдық жерлерді сумен жабдықтау бойынша рейтингте ең төменгі көрсеткіш Ертіс өзені бойын жайлаған Павлодар облысы (29,7 пайыз), Қостанай (31,4 пайыз), Батыс Қазақстан (46 пайыз) облыстарына тиесілі екенін атап өтті Мархабат Жайымбетов.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

7 + 6 =