Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Болат Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.

Бұған дейін Болат Дембаев Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болды.