Алматыда қамалған Әсия Төлесова қос бірдей Алаш арысының ұрпағы болып шықты

Алматыдағы марафонда ұсталғандардың қатарында Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөберелері бар деп жазады qamshy.kz.

Кеше Алматы өткен марафон кезінде Бейбарыс Толымбетов, Әсия Төлесова және Сүйінбике Сүлейменова марафонға кедергі келтірді деген желеумен ұсталған еді. Кейін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбетов 15 күнге қамауға алды.

Әсия Төлесова  — 1938 жылы репрессияның құрбаны болған танымал ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Жақында Ильфа Жансүгірованың немересіне қолдау көрсеткен  жазбасы фейсбук желісінде қызу талқыланып жатыр.

«Қымбатты, Асенька! Ештеңеге қарамай мықты бол! Бекем болуыңды тілеймін!  Ең бастысы денсаулық. Біз сені түсінеміз әрі жақсы көреміз! Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова-Жандосова. 21 сәуір 2019 жыл. Алматы», – деп жазған Ильфа Жансүгірова.

Ильфа Жансүгірова – Ілияс Жансүгіровтің қызы әрі Ораз Жандосовтың келіні. Ол — құпия түрде азаппен өлтірілген Санжар Жандосовтың жесірі.