Біржан салдың шығармашылығына арналған кеш өтті

"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында орны ерекше әнші, аса дарынды сазгер, асқақ үнді ақын, сал-серілік өнердің төресі«Ән бұлбұлы – Біржан сал» атты кеш ұйымдастырылды.

Шығармашылық кеште Біржан салдың  сан-қырын толығымен ашып, көрерменнің көңіліне ұмытылмастай әсер қалдыру мақсатында ақынның бойындағы, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған өнері көрсетілді.

Бар өнерді жанына серік еткен Біржан салдың шоқтығы биік туындылары халық назарына ұсынылды. Кеште Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері, әнші, продюсер-Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,профессор Айтбек Нығызбаев,Нұрболат Құсайынов, Айбек Рымғали, Әнуар Адамбаев, Азамат Түсіпбеков, Сырым Мұхамеджан сынды әншілер саxнада өнер көрсетті.

Сонымен қатар Біржан мен Сара айтысын «Айтыс» өнерін бойларына серік еткен, Сұлужан Таубалды - Мұхамеджан Мансуров келіп, халыққа тарту етті.