Өзбекстандық ақын Қазыбек Исаны өлең жолдарымен құттықтады

Қазыбек ағамызды туған күнімен құттықтап, көршілес елден Өзбекстаннан ақын Наурызбай Жарбосынұлыда өлең жырларын арнап жатыр.

Қазыбек ағаға

Жақсысын ел мадақтап сөз ете ме,

Тектісін төрге тартып көз ете ме!

Исадан тегеурінді туған ұрпақ -

Ассалаумағалейкүм, Қазекеңе!

Ұрпағы емеспіз бе Көктүріктің,

Орақ тілдің барында - от бүріктім.

Жүректеспен жүректі бір ұсынып,

Тілектеспен білекті кеп түріппін!

...Қаз-Ағаның туған күн-шаттығында,

Өзім бүгін туғандай боп тұрыппын.

Қазеке, басыңызға бақ тіледім,

Бұл сізге арнайтұғын ақ тілегім.

Адамның дүниеге келген күнін,

Алланың тəбəрігі деп білемін.

Елдікті бетке тұтып, бұлқыныңыз,

Жеңгеймен ғұмыр бойы құлпырыңыз.

Халықтың бауырына қанат жайып,

Алыптың ауылына ту тігіңіз! 

Наурызбай Жарбосынұлы,

Өзбекстандық ақын, Дүниежүзі қазақтарының Өнер фестивалының жүлдегері