АЛАМАННЫҢ алдындағы АҚЫННЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Бөлісу:
 

Кеше sn.kz сайтында  тілшілерінің  сұрақтар жіберген өтінішіне байланысты  Президент сайлауы мен Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаев туралы пікірімді жариялаған болатын. Енді бүгін 23 сәуірде «Нұр Отанның» құрылтайында Елбасы Қазақстан Президенттігіне үміткер етіп Қ-Ж.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Бүгін маған алдымен хабарласқан Азат Перуашев бауырымыз бен белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Жүсіптер бастап, мені туған күніммен құттықтағанда осы оқиғамен байланыстырып, «Туған күніңізге тарту ретінде елімізде бетбұрыс жасалып жатыр» деп бейнелеуде…

Түрлі жұмыстармен сыртта жүріп қалып едім, Арман Сқабылұлы бауырым телефон соғып, «Қашан келесіз, офисте бәріміз күтіп отырмыз»-деді. Әдеттегідей жұмысқа кешігіп келсем, әріптестерім Туған күніме арнап дастарxан жайып қойыпты. Азекең бастап баяндамаға татитын тілек айтты. Арман Сқабылұлы, Берік Дүйсембиев бауырларым қостады. Қыздар қауымы атынан Жанар қарындасымыз ақ тілек білдірді.

Ертең, 24 сәуірде  «Ақ жол» партиясының Президенттікке үміткер белгілейтін кезектен тыс құрылтайы өтеді. Осыған байланысты «Аламанның алдындағы Ақынның туған күнін тойлау» деді ақжолдықтар бұл жиынымызды Арекеңнің ұсынысымен.

Иә, Аламанда ақ боз тұлпарымызға Ақ жол тілеген елдің ізгі лебіздері періштенің құлағына шалынып, Алла жар болсын!

Құттықтауларда есеп жоқ, Аллаға мың да бір шүкір деп, үлгергенімше рахмет айтып отырғанда Ақ Ордадан Президент кеңесшісі, белгілі журналист-жазушы, ғалым Бауыржан Омарұлы досымыз телефон соғып құттықтады. «Құрдастарымның туған күнімен құттықтап қою парызымыз»-деп ақ тілегін ақтарды.

 

Артынша Астанадағы Тіл күрескерлері Жасұлан мен Мұқағали бауырларым да құттықтап келді.

Жалпы, «Сәуір болмай, тәуір болмайды» дегендей, сәуірде біраз ұлы тұлғалар өмірге келген. 12 сәуірде қазақтың ұлы ғұламасы Қаныш Сәтбаевтың туған күнін еліміз атап өтіп келеді. Тек 20 сәуірден бастасақ, Адамзаттың соңғы пайғамбары, Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз дүниеге келген күн. 21 сәуір фашизмнің көсемі Гитлердің, 22 сәуір Коммунизмнің көсемі Лениннің туған күндері!

Ал 23 сәуір Ұлыбританияның ұлы драматургы Шекспирдің және Ұлы даланың саңлақ ақыны Сағи Жиенбаев пен менің туған күнім!

Сонымен қатар бүгін -Дүниежүзілік кітап күні екенін де қаламгер ретінде жақсылық нышаны қабылдадым.

Ақ тілек айтқан баршаңызға мың алғыс, көп рахмет! Алла жар болсын!

Қазыбек ИСА,

Фейсбук парақшасы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт × екі =