ҚР Президенті Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинадағы президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазады ҚР Президенті твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.