Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Нұр-Сұлтан қаласына келді

Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сапар аясында оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысуы жоспарланған.

Бұған дейін Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азияға сапары аясында 21-23 сәуір күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.