Алматы жастары Шекара қызметі Академиясында қонақта болды

2019 жылғы 18 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында Жастар жылы аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Aibyn» әскери-патриоттық клубының жоспарына сәйкес «Ашық есік күн» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті.

Қала жастарының әскери-патриоттық тәрбиесіне бағытталған іс-шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің белсенділері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшелері және колледж, мектеп оқушылары қатысты.

Алғашқы құттықтау сөзімен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының басшысы Поливанов Павел Константинович, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Балғымбаев Назар Албанұлы,

Алматы қалалылық ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы Ауған этномәдени бірлестігінің төрағасы Ахмадулла Васток, белгілі әзілкеш-вайнер Мейіржан Төребаев сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер жастарға тағылымды ой айтып, үлгі болар оқиғаларымен бөлісті.

Іс-шара барысында қару жарақ пен техника көрмесі, әскери үрмелі оркестрдің өнер көрсетуі, этномәдени бірлестіктер мен курсанттардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Концертте Қуат Қонысбеков «Қазақстаным» әнімен, Нурғазина Сандуғаш «Шекарашы сарбаздар» әнімен, Айдынұлы Айбек «Қазақша попурри» әнімен қонақтардың көңілін көтерсе, грузиндық ансамбль «Алаверды» «Казбегури» атты биімен концерттің сәнін кіргізді.