Сақал қойған жастардың күннен-күнге көбейіп бара жатқанына билік алаңдауы керек – мұғалім

6777
17
Бөлісу:

Қазіргі таңда баспа беттерінде қазақ қоғамына ентелей кіріп алған әртүрлі діни ағымдар туралы жиі айтылып, жазылып жатыр. Айтылып, жастарды теріс әрекеттерге итермелеп отырған жағдайды жазу бар да, осы проблемаларды түзету үшін орындалатын нәтиже болу керек. Сөз болып жатқан жағдай, қазақ жастарын кереғар насихатпен миын улап, өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін, жастарды өздерінің ойындағы жағдайға жеткізу мақсатында әрекет етіп отырған діни ұйымдар.

Біздің елімізде ер балаларымыз сақалын қауғадай қылып өсіріп, қысқа шалбар киіп, хиджаб, паранджы киген қыз балалардың саны күннен-күнге көбейіп бара жатқандығы жүрегі қазақ деп соққан әрбір қазақстандықтарды алаңдатуы тиіс деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев осы мәселені шешу мақсатында тағайындалған министрлерге қоғамда осындай жағдайды реттеу үшін керек болса құқық қорғау мүшелерін де жұмылдыру керектігін баса айтты.

Бірақ іс жүзінде орындалып жатқан жұмыстарды көріп жатқанымыз шамалы. Басқа қалаларда бұл жағдай қандай болып жатқанын білмеймін, біздің Алматы қаласында олар тым көбейіп бара жатыр, яғни сақалын өсіріп, қысқа шалбар кигендер мен хиджаб киген қыздардың саны артып барады. Олардың көп шоғырланған жерлері де бар «Алтын орда» базары, оның төңірегіндегі «Іргелі» деген жер, халықтың көп баратын сауда орындары «Барахолка», тағы басқа жерлерде. Және де бізді қатты ойландыратын жағдай өздерін осындай киіммен көрсетіп, әрекеттерімен назарымызды аудартып жүргендер көпшілігі біздің қазақ жастары.

Жақында ғана «28 Панфиловшылар саябағының» ішімен көк базарға бара жатқам, қап-қара киім киіп, көздерін қара тормен тұмшалап алған екі бойжеткенді көрдім, қастарынан өтіп бара жатып байқағаным (олар қазақша сөйлесіп бара жатты) олар қазақтың қыздары екен. Қазақтың мұсылман қыздары ешқашанда хиджаб пен паранджы кимеген, бұл жайында үнемі айтылып та жатыр. Мұндай жағдай ары қара жалғаса беретін болса, еліміздің жағдайы не болмақ. Сонда, сыртқы бір күштердің қазақтың мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына кері ықпалын тигізу арқылы өздерінің қитұрқы әрекеттерін жүргізу деп ойлаймын. Біз мұндай әрекетке жол бермеуіміз керек.

Мұны әсіресе халыққа қызмет ететін органдар дер кезінде тоқтатып, жұмыс істеуі керек. Көрші жатқан мемлекеттерде жастарын осындай діни экстремистік жолмен азғындауға жол бермейді, онда құқық қорғау органдары бұл жұмысты дұрыс бағытқа қойған. Білім беретін орындарда (мектептерде, колледждерде, университеттерде) құқық қорғау органдары кез-келген уақытта оқу орындарына кіріп, жастардың мобильді телефондарын тексеріп, ешқандай радикалды топтармен байланысы жоқпа соны қадағалап отырады. Мәселен, Өзбекстанда сақалын өсіріп, қысқа шалбар киген хиджаб киген ұл-қыздарды көрмейсін және осындай күмән туғызатын киім киген адамдарды шекарадан кіргізбейді де. Ал бізде керісінше, оларға көп мүмкіншіліктер беріп қойған.

Және бір айтпағым, осындай ағымға кірген жастардың рухани жан дүниесінің азғындалуы, ата-анасын тыңдамау, олардан өздерінің ойындағысын талап етуі бұл қасірет емей немене. Бүкіл әлемде «Отан отбасынан басталады» деген қағида бар, үлкен Отанымыз Қазақстанның берік күшті болуы сол отбасының мықтылығынан бастау алады. Және бір айтпағым, қазіргі таңда өнер адамдарының, спортпен айналысатын, тележүргізушілердің арасындағы жастардың ішінде де сақал өсіретіңдердің көбеюі мені алаңдатады, тіпті олар өздерінің жарларына да хиджаб кигізіп қояды.

Бұл дәстүр 7-ші ғасырда пайда болған арабтардікі, сен қазақтың топырағының үстінде өмір сүріп жатқан қазақсың, сондықтан да қазақтың болмысына лайықты болуың керек. Рухы қазақ жастардың киген киімі, әрекеті, мәдениеті нағыз қазаққа лайықты болу керек.

Қалдыгүл Тасполатова,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытшысы, PhD докторант

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 17 пікір жазылған

  1. Абеке 19 Сәуір, 2019 06:17 Жауап

    Сопылық бағытты мемлекеттік көмекпен ұстау керек. Сонда басқалары ұстаушыларынан айырылады. Ар бостандығы.

  2. Гаухарбек. 19 Сәуір, 2019 09:55 Жауап

    Сендердіңөздеріңде.сақал.қойып.намазға.жығлыңдыр.біздің.ата.бабалармыз.сақалсыз.жып.жылтыр.болып.кемірлерге.ұқсап.жүрген.жоқ
    Хәкім
    Абайдың.кітәптағы.суретне.қара.. 44.жастағы.саақалы.қандай.

  3. Санагул 19 Сәуір, 2019 18:08 Жауап

    Өте дұрыс айтылған пікір. Атам қазақта хиджаб пен паранджа кимеген, сақалды ата жасына келгенде қойған. Қазір жастардың көбі қара жамылып, сақал қойып, қысқа шалбар киіп кішкентай оқушы балаларына орамал тағып, ұзын кигізп қойған. Үлкендерге, ата-әжелерге қараңыздар, үлкендерді сыйлаңдар, ақша үшін басқа ағымға ермеңдер.

    • Шаке 20 Сәуір, 2019 00:00 Жауап

      Абайұлы Ақылбайдың медреседе оқып жүргендегі суретін қара. Қазақтың қыз келіншектері паранжа кимеген бірақ орамалдарын басынан тастамаған

  4. Маке 20 Сәуір, 2019 15:12 Жауап

    Қызтекелік, лезбиянка, араққұмарлық, осындайлармен күресу керек дәнмен емес

  5. Жәке 22 Сәуір, 2019 00:18 Жауап

    Қазір Қазақтың салтында жоқ жартылай жалаңаштрды да қолға алу керек және маскүнемдер,нашақорлар, жеңіл жүрісіті жолдағылардыда қатаң қадағалап құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыла жұмыс істеу керек. Себебі бұл біздің Қазақтың ұл қыздары. Мысалы Шешенстанда өздерінің қыздарының жалаңаштанып жүруіне тыйым салынған , арақ ішіп көлікпен адам қасқа жазасы түрме .нашақор , гөгілдірлерді елден қуып шығады . Олар біледі бұл жаман індет екенін . Сол үшін келер ұрпақты дұрыс тәрбиелеу үшін әркім өз отбасынан бастау керек деп ойлаймын.

  6. Қазақтың қызы 22 Сәуір, 2019 10:55 Жауап

    Діннен хабары жоқтардың шаруасы болмасын! Ең алдымен біраз зерттеп, Исламнан білім алыңыздар, кейін пікірлеріңізді жазасыздар! Ислам әркімнің не ойлайтынына мұқтаж емес, ол Құран аяттары мен хадистерде жазылып қойылған дүние! Қазақтың болмысын сақтағыларыңыз келсе алдымен жалаңаш киініп, ішіп, шайтанның жолында жүргендерден бастаңыздар! Қазақты құртатын нағыз солар, әуретін жауып, бес уақыт намазын оқитындар емес!

    • Аноним 11 Мамыр, 2019 21:40 Жауап

      Кәзір ораза айы Алла уйіне мешітке баргым келеді бірак мешитте көбі сакалдылар аналарды көргенде үрейым ұшады сол себептен намазды уйде окимын

  7. Алдамжар 10 Мамыр, 2019 17:59 Жауап

    Дін исламның қырық парызының бірі ілім дейді.Сондықтан біреулермен тай таласқа тусіп ой өрісін ортаға салу үшін діни сауаты ашылуы керек .Мен біреуге сөз тигізуден аулақпын, Аллам сақтасын.Сақал мүрт бұл еркектің белгісі дейді,ал сақал мұрты жұрдай жоқтарды қатын тәрізді дейді. Дін ислам жат қылықтарға барғызбайды, Пайғамбарымыз Мухаммед с.ғ.с. хадистерімен,төрт мазхабтың жолымен Аллаға құлшыл ық етіп әдеп ғұрып салт дәстүрді сақтап ата анасын силап ата-бабалардың онтөрт ғасыр бойы дін исламында болу әрі қазағымның шаңырағында бақ берекет болады.Әр қазағым ның отбасына шын жүрегіммен тілеймін .Ал теріс ағымдар ислам дініне ірткі салушылар соларға еріп жолдан адасушы лар о бастан Пайғамбарымыз заманынан бері бар.Еліміздің ішіндеде баршылық.Көпшілігі жеңіл жол іздеп европа елдері не елеңдеп мәдениетін қабалдап өзі мәдениетінен жұрдай болып бара жатқандар аз емес. Харам су ішу,сүннетсіз неке көбейуі ойнас жасау ,түсік тастау сахналардағының жалаңа штануы,алдынан қарасаң төсі артынан қарасаң көті көрнеді ұлтық өлең айтарда ұлттық кмім киюдің орнына жалаңаш танып жоғарыда айтқандай жат мәдениетті көрсетудеміз.
    Сондықтан бесігімізді дүзетейік баурлар . Аспанымыз ашық еліміз тыныш басымыз аман болсын. Дүниеге әкелген ұл қыздарыңыздың қызығын көріп барлығымызды Аллам дұрыс жолға түсіруді нәсіп етсін.Аумин.

  8. Мұслім 11 Мамыр, 2019 01:01 Жауап

    Кыз-келіншектерімізді шешіндірмекші болып, узын көйлек-орамал, ердін сақалымен күресип журген мына сен, Алладан озіне лайыктысын аласын….!

  9. Гулжамал 20 Маусым, 2019 12:50 Жауап

    Міндетті түрде бар жерін тұмшалап тастау емес , әурет жерлері жабық болса , аыздарына еге болса және сақал өсірмесін емес өсірсін оның да шектеуі бар. Джунглиде өскен баланың шашына ұқсап , өте жиіркенішті көрінеді. Ал, ата-бабаларымыз сақалдарының жан-жағын қырып, ретке келтіріп ,жарастырып қойған. Егерде өсірген сақалды ретке келтіріп отырмаса , әр сақалдың арасында жын-шайтан болады

Пікір немесе жауап жазу

13 + төрт =