ҚАЛАМГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық кітапxанда Президент сайлауы туралы қаламгерлердің жиыны өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Зиялы қауым 2019 жылы 9 сәуірдегі Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Қазақстан xалқына жолдаған үндеуін талқылауда. Жиында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, әйгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, белгілі қаламгерлер Әнес Сарай, Әлібек Асқар, Алтыншаш Жақиянова, Қажығали Мұқанбетқалиев, Қазыбек Иса, Өтеген Оралбаев, Марат Мәжит, Бақытжан Тобаяқ  және т.б. өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Жиынды Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы жүргізіп отырды.