Дариға Назарбаева Өмірбек Байгелдіні мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаева көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдіні 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Д. Назарбаева парламентаризм және заң шығару қызметін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ө. Байгелдіге Парламент Сенатының Құрмет грамотасын табыс етті.

Өмірбек Байгелді - мемлекет және қоғам қайраткері. Экономика ғылымдарының докторы. ҚР Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі.