Биылғы Өскемен бұрынғыдан ерекше лас

Биылғы Өскемен бұрынғы Өскеменнен өзгерек. Ерекше лас, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі factum.kz сайтына сілтеме беріп.

«Ертіс жағалауын қоқыс басып жатыр. Коммуналдық қызметкерлер қашан тазалайды?», деп шағымданды қала тұрғындарының бірі.

«Ертіс концерт орталық мәдениет үйі мен Альшемали сауда кешенінің арасындағы орындықтардың сауы жоқ. Білдей бір облыстың орталығы, бірақ оның кескініне қарасаң үш жылдан бері тазаланбаған секілді», деді келесі адам.

Иә, қыс бойы қар астына жасырған «ұрлығымызды» көктем ашады. Бұл айтылған жерлерден бөлек үйлердің аулалары да оңып тұрмағаны белгілі. Біріне ғана тоқталып өтейік, Серікбаев көшесі 1/1 мен Потонин көшесі 18-үйдің аралығында қоқыс жайрап жатыр. Бұған «КСК» жауапты ма, әлде коммуналдық шаруашылықты жүргізуші мекеме ме?