Алдыңнан әрдайым  Ақ жол ашылсын !

174
0
Бөлісу:

 

«Ақ жол» партиясындағы  ақжолтай да, ақжарқын, ажарлы  қыздарымыздың бірі – Әсия Жамалбек 18+(?) жасқа толды.

Әсия үнемі өзіне жарасатын әдемі күлкісімен, қазақ қыздарына, соның ішінде оңтүстікке тән инабаттылығымен ұжымды баурап алады.  Өзі бухгалтереяда істегесін, есебі де күшті, әрине…  Сондықтан да, туған күнін ешкімге айтпай, ұжым оның атаулы мереке  күнінің дәл қай күні екенін білмегендіктен де,  апта бойы тойлап жүр…  Енді тағы бір апта тойлауы да мүмкін…

Әсия шырайлы Шымкент қаласында туған. Арайлы Алматыда ҚазҰУ-ды бітірген. Асқақ Астанада, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласында нұрланып, жұмыс істеп жүр.

Шаңырағыңда шаттық пен шапағат шалқи бергей, Әсия!  Алла жар болып, Жұлдызың жарқырай берсін!

Алдыңнан әрдайым  Ақ жол ашылсын !

 

Тойлайды ұжым, Туған күнді

Болса дағы неше күн!?.

Әрбір күнің думан, гүлді

Мықты болсын есебің!

 

Ізгі ниетпен, Ақжолдықтар мен «Қазақ үні» газет/сайты редакциясы

Qazaquni.kz

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

20 + алты =