Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады»

2013
1
Бөлісу:

Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ақтау қаласындағы Достық үйінде жұртшылықпен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Баршаңыз жақсы білесіздер, қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады», – деді Мемлекет басшысы. Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына екі жыл толды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Амантай 12 Сәуір, 2019 20:05 Жауап

    Бұл белгілі жағдай ғой. Ол туралы қоғам жылдар бойы айтып келеді. Айту бір басқа. Нақты іс ең бастысы. Мемлекеттік тілдің тағдыры 28 жылдан бері күн сайын саудаға салынып, ғазиз басы босағадан төрге оза алмады. Әлемдегі мемлекеттік тілінде сөйлемейтін бір ғана мемлекетке айналдық. Тәуелсіздікпен жасты қыз, жігіттеріміздің қалың тобыры мемлекетінің тілін білмек түгілі тіпті білгісі де келмейтін ұятты жағдайға тап болдық. Мелекеттік тілде сөйлейміз деп сан рет айтылды, бірақ сөйлемедік. Ең әуелі мемлекет мемлекеттің тілінде сөйлеу керек еді. Орыс тілінде сұрақ қойған адамға мелекеттік тілде жауап берген шенеуік сөгіс алып, шара жүктеді. Мемлекеттік тілдің бүгінгі күнге дейін көрген қорлығы елге, ерге сын. Нағыз басшы, мемлекеттің тағдырын ойлаған шенеуік тіл туралы ештеме айтпай-ақ, тек мемлекеттік тілде ел ісін жүргізеді. Осы Қасымжомарт Кемелұлының қолынан келер деп үміттенеміз. тіліміздің қорланғаны күллі қазақтың мазақ болғаны. Осына түсінетін уақыт жетті.

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − 8 =