Мәжіліс тұрғын үй басқару саласын сынға алды

Осындай тың идеяларымен келген министр Роман Склярды депутаттар сұрақтың астына алды. Елімізде едені қырық жамау, қабырғасы құлағалы тұрған тұрғын үйлер өте көп. Енді қарапайым халық баспанасының кем-кетігін түгендеп, жөндеу жұмыстарын өздері жасамақ. Алдымен жаңадан бірлестік құрылады. Немесе қызмет көрсететін компания жалдайды. Ал ол мекеме бұрынғыдай оншақты емес, көпқабатты бір үйге ғана қызмет көрсетуі тиіс. «Қазақстан Тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталы­ғында 97 адам бар. Қай мемле­кет­тік органның да мұндай үлкен штаты жоқ. Ал басқарма төрағысының орынбасарлары Премьер-министрдікінен де көп. Басшысының жалақасы 1 миллион теңгеге дейін жетсе, қарапайым қызметкер 250 мың теңге шамасында алады» – деген Нұрлан Нығматулин бұл саланың жұмысы сын көтермейтінін баса айтты. Бүгінде кез-келген көп­қа­батты үйге қызмет көрсететін ұйым бар. Олар баспанаға жөндеу жүргізіп, іші-сыртын қалыпқа келтіргені үшін ақша алады. Депутаттар қараша халықтың сол қаржысы ұстағанның қолында кетпей ме деп күмән келтірді. Елімізде 70 мыңнан астам көпқабатты үй бар. Демек, екінші деңгейлі банктерде дәл осынша есепшот ашылады. Бұл жерде қаржы ұйымдарының қалай қызмет көрсететіні, қырауар қаржының қауіпсіз сақталуы жайында ақпарат жоқтығы алаңдататынын айтты депутаттар.

qazaquni.kz