ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр», - делінген жазбада.