«Ақ жол» президент сайлауына қатыса ма? Перуашевтің жауабы

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев кезектен тыс президенет сайлауына қатысатын кандидат 13 сәуірде өтетін  партия съезінде анықталатынын  айтты, - деп хабарлайды baq.kz.

«Барлық шешімдер съезд кезінде қабылданады. Партия президиумы қабылдайды. Кезектен тыс сайлау жағдайында қандай да бір келеңсіздіктер болмас үшін барлық құқықтық процедураларды қадағалауымыз керек. Біз қатаң түрде заңға сай және партия құжаттарымен жұмыс істейміз. Біздің құжаттарда сайлауға қатысу және кандидатураны ұсыну шешімі съезд құзыретінде. Съезге дейін бұл сұрақтарды талқылап, шешімді тек партия съезінде қабылдаймыз. Пленумды сенбіге белгіледік. Партия төрағасы ретінде пленумда әріптестеріме сайлауға қатысуды ұсынамын. Бұл – бірінші мәселе. Екінші мәселе, демократия принциптерін ұстана отырып съезге қатысатын әрбір делегат сенбіге дейін анықталады және олар партия мүшесі ретінде кандидатурасын ұсына алады. Содан кейін съезд кезінде шешім қабылдаймыз», - деп айтты Перуашев.

– Сіздің кандидатураңызды ұсынса? - деп сұрады журналст.

– Алға озбай-ақ қояйық. Мерзімнен тыс сайлау жариялағаннан кейін ертең аяқ астынан бір қателер шықпасын деп осы жағдайда әрбір қадамымыздың таза, ашық болуын қалаймыз. Саяси партиялар туралы заңға және ішкі құжаттарымызға сүйенуімізк ерек. Партия құжаттары бойынша сайлауға қатыстыру мәселесі сайлау үміткерлерін шығару мәселесі партия құрылтайы ғана шешеді. Бұл мәселе съезд құзыретінде.  Съезд шақыратын орган - орталық кеңесіміздің пленумы. Оны біз сенбі күні шақырамыз. –Саясаттанушылар Перуашевтан басқа кандидатура көріп тұрған жоқпыз деп жатыр. 

– Рахмет. Қазір ештеңе айта алмаймын. Партия төрағасы ретінде әрбір сөзім – партия атынан айтылған ресми мәлімдеме. Ал қазір партияның шешімі әлі белгісіз болғандықтан жауаптан аулақпын. – Партияда сізден басқа мүмкін әйелдер бар шығар.

– Өңірдегі филиалдарға съезге дайындалу керек екенін айттым. Әр делегат өзін ұсынуға немесе басқаны ұсынуға құқығы бар, әріптестеріме аргументтерін дайындауды ұсындым. Сол себепті максималды ашық, максималды ашық талқылау болады. Басқа кандидат ұсынуда проблема көріп тұрған жоқпын. Мүмкін ол бизнесмен болатын шығар, мүмкін интеллегенция өкілі. Заңнамада президент үміткерлеріне талаптар жазылған. Ол мемлекеттік тіл білуі, жұмыс өтілі, жасы, біз ең алдымен осы талаптарға қараймыз.

– Партияның қанша мүшесі бар? 

– 250 мыңнан астам.

– Сіздерде "Ауыл" партиясынан аз... 

– Ауылда қанша екенін білмеймін.

– 300 мың. 

– Жарады. Парламент сайлауы кезінде "Ақ жол" партиясы 600 мың дауыс жинады. "Ауылды" білмеймін. Партияда қанша адам бар деген - советтік рудимент. Демократиялық дәстүр бойынша партия мүшелерінің саны оларға берген дауыспен өлшенеді, ешқандай партия билеті, штат емес.

– Сайлауға түсеуге ақша жете ме? 

–Бұл ең жеңіл сұрақ деп ойлаймын.

– Бағдарлама әзірленіп жатыр ма? 

– Біз әріптестерімізбен президенттік бағдарламаны әзірлеуді бастадық. Төрт негізгі пункт бар. Тәуелсіздік, Алаш, нарықтық экономика, жеке бизнесті қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, парламентаризмді дамыту.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайсыз ба? 

– Партия мүшесі ретінде "Ақ жол" партиясы ұсынатын, съезде қабылданатын кандидатты қолдаймын.